Кафедра тарихы

1949 жылы құрылған жалпы білім беретін «Химия» кафедрасы   мен 2010 жылдың  қыркүйек айында «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасының негізінде құрылған «Нанотехнология» кафедралары 2014 жылы шілде айында университет  құрылымын қайта ұйымдастыру барысында біріктіріліп «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның  педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.

Қайта құрылған «Химия» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия-технологиялық факультетінің  тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.

«Химия» кафедрасы 2014 жылы қайта құрылған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі құрамына кірді.

«Химия» кафедрасы өте маңызды және беделді мамандықтардың бірі  5В060600 (050606) - Химия, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы бойынша  мамандар дайындады.    

Химия мамандығы, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын (серия А,  № 00000042), 21.07.08ж. «ASIIN» агенттігінен берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды, соның нәтижесінде мамандық бойынша магистратура бөлімін ашуға мүмкіндік алды.

6М060600-Химия мамандығы бойынша мамандар дайындады.

Университеттің 28.08.2017жылғы Ғылыми кеңесінің шешімімен  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі «Химия» кафедрасындағы 5В060600-«Химия» мамандығының  Жаратылыстану педагогикалық факультеті «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының құрамына өтуіне байланысты кафедра жалпы білім беретін «Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедрада т.ғ.к., доцент Бекжигитова К.А. жетекшілік етеді.

Кафедрада 2 ғылым докторы,  2 профессор, 10 ғылым кандидаттары, 10 доцент, 2 магистр, 3 аға оқытушы және 1 окытушы дәріс береді.