Кафедра тарихы

Кафедра М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ежелгі кафедраларының бірі болып саналады, ол 1962 жылы ұйымдастырылған.

Бұл ең ірі Қаратау фосфорит кен орны негізінде дамып келе жатқан химия өнеркәсібі үшін кең бейінді инженер- химик- технологтарды дайындаған Қазақстан Республикасындағы алғашқы кафедра.

Жыл сайын кафедра Шымкенттегі «Фосфор» жеке кәсіпорнында фосфор мен оның қосылыстарын өндіретін жаңа кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін 100-ден астам инженер- технологтарды дайындайды.

Жаңа кафедраның алғашқы меңгерушісі және ұйымдастырушысы доцент А.С.Сейтмагзимов 1962-1974 жылдары кафедраны басқарған. Кейінгі жылдары кафедраны басқарғандар: 1974-1976 жж. - В.К. Бишімбаев, 1980-1985 жж. - Г.Я. Попова. 1985 жылы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасына «Электротермиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы, 2010 жылы «Электрохимиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы қосылды.

1985-1988 жж. «Бейорганикалық заттардың технологиясы» бірлескен кафедрасын О.М. Тілеуқұлов басқарды, , 1988-1991 жж. - В.М. Шевко, 1991-2005 жж. - профессор Ш.М. Молдабеков, 2005-2006 жж. - Б.С. Шакиров, 2006-2011 жж. - В.Б. Бестереков басқарды. 2010 жылы «Электрохимиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы біріктірілді. Бұл кафедра 1963 жылы ашылды, кафедраның алғашқы меңгерушісі Р.С. Вахидов. Әрі қарай кафедраны  М.Ж. Журинов, О.Н. Чечина, М.К. Наурызбаев, М.С. Сатаев, К.С. Надиров басқарды.

Кафедра Орта Азия мен Ресейдің оңтүстігіне электрохимия бойынша мамандар даярлады. Кафедра пайда болғалы бірнеше жүздеген инженерлер даярланды. Олардың қатарында Қазақстанның ірі кәсіпорындарының директорлары (президенттері) А.И. Исаев, К.М. Ажмагамбетов, «Фосфор» ЖАҚ директоры, т.ғ.к. Э.У. Жұмартбаев,  «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) директоры Л.Х. Франгулиди бар.

 2010-2011 оқу жылында БЗХТ кафедрасын М.К. Жекеев, 2011-2014 жж. - Қ.Т. Жантасов, 2014-2015 жж. - Е.Н. Кочеров, 2015-2016 жж. - М.Ж. Айтөреев басқарды, ал 2016 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін кафедраны профессор Г.М. Сейтмагзимова басқарып келеді.

Осы жылдар ішінде кафедра жаңарып, жетілдіріліп, жаңа мамандықтар ашылып, Қазақстанның оңтүстік өңірімен және басқа да аймақтарымен серіктестік аясын кеңейтті. 1995 жылдан бастап кафедрада «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы», 2008 жылы - «Нанотехнология» және «Ядролы- химиялық технология», 2009 жылы - «Мембраналық технология» мамандықтары ашылды. Студенттер үш тілде - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

Кафедра құрылғаннан бері 2300-ден астам маман, бакалавр, магистр және PhD докторлары бітірді. Түлектер арасында 20 докторлар мен 100 ғылым кандидаттары, олардың көпшілігі ірі кәсіпорындардың басшылары, ЖОО ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, көрнекті ғалымдар, өндірістің жетекші мамандары:
 «Казфосфат» ЖШС бас директоры М.З. Искандиров, т.ғ.к., Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалының директоры Т.А. Исаев, т.ғ.д., «Сыр-Тас» ЖШС директоры Т.Алтеев, т.ғ.д., профессор Д.С. Бержанов, ҰҒА академиктері М.Ж. Журинов, А.Б. Баешов. М.Ж. Журинов - бірінші ректор, содан кейін Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, ҚР ҰҒА президенті.

Әр жылдары кафедрада атақты ғалымдар жұмыс жасады және де жасап келеді: т.ғ.к., доцент Н.И. Ананиев, т.ғ.к., доцент А. Шолақ, т.ғ.д., профессор Е. Бугенов. т.ғ.к., доцент Л.Д. Шапиро, т.ғ.к., доцент Г.Б. Гильманова, т.ғ.к., доцент Л.И. Миркина, т.ғ.д., профессор В.М. Шевко, т.ғ.д., профессор Д.К. Айткулов, т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жантасов, т.ғ.д., профессор А.А.Анарбаев, т.ғ.к., доцент С.С. Оспанов, т.ғ.к., доцент А.А. Утебаев, т.ғ.к., доцент С.Т.Тлеуова, т.ғ.д., профессор М.С. Сатаев, т.ғ.д., профессор У.Б. Бестереков, т.ғ.д., профессор А.С. Тлеуов, т.ғ.к., профессор Г.М. Сейтмагзимова, т.ғ.к., профессор Ж.К.Джанмулдаева, т.ғ.д., доцент М.Ж. Ескендіров, т.ғ.к., доцент А.А. Қадырбаева, т.ғ.к., доцент Ш.Т. Қошқарбаева., т.ғ.к., доцент Г.Е. Қаратаева, т.ғ.к., доцент М.Р. Барлыбаев, т.ғ.к., доцент Е.Н. Рябков, т.ғ.к., доцент А.А. Болысбек.

05.17.01 - «Бейорганикалық заттардың технологиясы» мамандығы бойынша 2010 жылға дейін аспирантура мен докторантура сәтті жұмыс істеді, Қ.Т. Жантасов, Н.С. Бажиров, У. Бестереков, А.А. Анарбаев, И.И. Баткаев, А.В. Протопопов, Д.К. Айткулов, М.К. Жекеев, Т.А. Альтеев, Р.И. Баткаев профессорлардың докторлық және 50-ден астам кандидаттық диссертациялары қорғалды. 1995 жылдан бастап кафедрада магистратура, 2009 жылдан бастап PhD докторантура жұмыс істейді, 8 докторант диссертацияларын сәтті қорғады.

2015 жылы құрылымды оңтайландыруға байланысты жоғары ғылыми-педагогикалық потенциалы бар «Технологиялық процестер мен аппараттар» кафедрасы БЗХТ кафедрасына қосылды. 2004 жылдан бастап кафедра университет бойынша бірінші болып студенттерге ағылшын тілінде сабақ бере бастады. Кафедраның 14 оқытушысы  «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері. Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары; профессор-оқытушылар құрамының 80% -ында ғылым докторлары мен кандидаттары немесе PhD дәрежелері бар. Оқытушылар гранттық қаржыландыруға арналған ғылыми жобалар конкурстарына белсенді қатысады. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен және Эразмус+ халықаралық білім беру жобаларымен келісімшарттық зерттеу жұмыстары жүргізуде.

БЗХТ бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары жыл сайын БСҚТА және АРТА агенттіктері өткізетін республикалық бағдарлама рейтингінде жетекші орын алады.