Италия еліндегі Бірінші Халықаралық Жазғы Мектебі

Жердің тозуына арналған Бірінші Халықаралық Жазғы Мектеп  5 – 10 маусым 2017 жылдың аралығында МолизеУниверситеті Кампобассо қаласыңда, Италия елінде өтті. Бұл іс шараға профессор Сапарбекова Альмира Амангелдиевна және "Биотехнология" кафедрасының студенттері Ахметова Айгерим, Ирсалиева Сабина және Садуакассова Майра қатысқан болатын. 5 Маусым 2017 жылы, жобаның IUCLAND жергілікті үйлестірушісі проф. Анжело Беллигджано,жазғы мектептің директоры профессор Клаудио Коломбо және профессор Элизабетта Салимей жазғы мектептің ресми түрде ашылуын жасаған. Жазғы мектептің бағдарламасына дәрістер, дәрістік талқылау және қорытынды ауыл шаруашылығы ферма сапарысы кірген . Жазғы мектеп 6 жұмыстық күнге (40 сағат) созылған, 15 Италия елінің және 5 әріптестік оқытушылары, арасында ОҚМУ-дың оқытушысы проф. Сапарбекова Альмира Амангелдиевна, жердің тозуына арналған тақырыптарға  дәріс оқыды. Мектептің соңғы күні ауылшаруашылық фермалары сапарына барып қайтты. Сапар соңында оқу, өту туралы сертификатты рәсім түрінде табыстады.