Химия

 

Кафедра меңгерушісі

 

Бекжігітова Күләш Асқарбекқызы

 

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Ғ. Иляев 8, А ғимараты, 406.

Телефоны: 8(7252) 21-46-09

e-mail:bka1964@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

1949 ж. құрылған жалпы білім беретін «Химия» кафедрасы   мен 2010 жылдың  қыркүйек айында «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасының негізінде құрылған «Нанотехнология» кафедраларының бірігуі барысында 2014 жылы шілде айында «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. «Химия» кафедрасы өте маңызды және беделді мамандықтардың бірі  5В060600 (050606) - Химия, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы бойынша  мамандар дайындайды. Осы мақсатта оқу процесін жүргізу үшін кафедрада оқу-әдістемелік материалдардың техникалық базасы өте жақсы дамыған. Кафедра құрамында «Жалпы химия», «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Коллоидты химия», «Физикалық химия», «Квантты механика және компьютерлік химия» зертханалары ұйымдастырылған. Барлық пәндер қазақ, орыс, сонымен қатар ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқу процесін жүргізу үшін кафедрада, 3 техника ғылымының докторы,  3 профессор, 17 ғылым кандидаттары, 14 доцент дәріс береді.

Кафедраның жұмыс істеу барысында 500 астам мамандар дайындалып шығарылды. Олардың көпшілігі зауыттарда жетекшілік қызметтер атқарады. Атап айтқанда: Исаев В.А., Ажмагамбетов К.М., Франгулиди Л.Х., Жумартбаев Э.У. және т.б.

50-ден астам түлектер кафедраның аспирантура бөлімін бітіріп, ғылым кандидаттары мен докторлары атанды. Бітіруші түлектер арасында – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Журинов М.Ж., Баешов А.Б.) бар. Х.ғ.к., доцент Высоцкая Н.А. қырық жылдан астам уақыт кафедраның доценті қызметін үздіксіз атқаруда, сондай-ақ кафедраның әр жылдардағы түлектері т.ғ.к., доцент Қабылбекова Б.Н.,  т.ғ.к., аға оқытушы Айкозова Л.Д., х.ғ.к., доцент Түкібаева А.С.  және тағы басқа да түлектер кафедраның аспирантура және магистратура бөлімдерін бітіріп, диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, кафедраның алдыңғы қатарлы қызметкерлері болып жұмыс атқаруда.       

Химия мамандығы, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын  (серия А,  № 00000042), 21.07.08ж. «ASIIN» берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды, соның нәтижесінде мамандық бойынша магистратура бөлімін ашуға мүмкіндік алды.

Кафедраның жетістіктері: «Химия» кафедрасында жылда дәстүрлі түрде  9 және 11 сынып арасында Д.И. Менделеев атындағы  қалалық олимпиадасының эксперименталды бөлімі өтеді

Олимпиаданы өткізуге жауапты комиссия мүшелері: Анарбаев А.А., Ақылов Т.Қ., Жақыпбекова Н.О., Бейісбекова Р.Ж., Тоқтыбаева Х.Р., Тілеукеева Ж.А., Адиходжаева К.Б., Жолдасова Ш.А.

Конкурстарға грант алу үшін дайындалған жұмыстар – ҚР ҒБМ-нің гранты бойынша 2 ғылыми-шаруашылық жұмыстар: проф. Жақыпбекова Н.О. (проект №387), т.ғ.д. Тлеуов А.С. (проект №384). 10,5 млн.тг. көлемінде әр қайсысы.

- өндіріске енгізілуге арналған ғылыми жоба: «Фосфор өндірісінде агломерат алуда кокс шығынын азайту» тақырыбы бойынша (Тілеуов Ә.С.).

- Республикалық бағдарлама бойынша 2 ғылыми жоба жүзеге асырылуда: 055 «Нанотехнология және наноқұралдар», 1 ғылыми жобаның жетекшісі Жақыпбекова Н.О. №225, 1,596 млн.тг. көлемінде; 1 ғылыми жоба жетекшісі Мырзаев А.А., №221, 2 млн.тг. көлемінде.

- кафедрадағы ғылыми және творчестволық жұмыстары бойынша мемлекеттік сыйлық лауреаты Жақыпбекова Н.О. мұнай өндірісінде қолданылатын өндірістік қалдықтар мен минералды тұздардан алынатын полимерлік реагенттердің технологиясымен айналысады. 2007 жылы полимерлік реагенттердің өндірістік тәжірбиесі жайлы акт алынған. АҚ «Интеркомшина» мекемесінде резина қасиетін күшейту үшін «Алюминий Казахстана» АҚ полимерлік реагенттің гальванотехникада БАЗ ретінде қолданылуы туралы пікір алынды;

- профессор Тілеуов Ә.С. ҚР «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері;

-т.ғ.к., доцент Мирзаев А.А. өндірістік сарқынды суларды зиянды заттардан тазалау ретінде адсорбенттер мен гетерогенді катализаторды қолданумен айналысады, нанотехнология саласы бойынша Жапонияда ғылыми стажировкадан өтті;

- қорғалған интеллектуальды жұмыстар – жаңалық, авторлық жұмыстар бойынша: т.ғ.д. Тілеуов Ә.С. «Способ агломерации фосфатного сырья» тақырыбы бойынша 1 патент және 1 алдын-ала патент алды, т.ғ.д., профессор Жақыпбекова Н.О. 2 патент алды: «Способ получения флокулянта», «Электролит меднения», 1 предпатент «Изолирующие составы в резиновых смесях».

Кафедрада ОҚО аймақтық Технопаркімен бірге «Коллоидты күкірт» ауылшаруашылық препаратының өндірісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылғы қаржы көлемі - 2 932 000 тенге.

Доцент м.а. Иманғалиев Телжан Әлжанұлы ҚР-ның Ұлттық Инновациялық Фондынан 19,8 млн тенге көлемінде өндірісте күкірт қосылысты пайдалану жобасы бойынша грант иегері атанды.

2012 жылдың 18 және 23 наурызында Мәскеу қаласында «Химиялық технология, 2012» атты Халықаралық конференция өтті. Оған «Химия» кафедрасының профессоры Жақыпбекова Н.О., аға оқытушы Шортанбекова М.К., «Экология» кафедрасының доценты Туребекова Г.З. қатысты.

Кафедра доценті Кабылбекова Б.Н 2010-2011 оқу жылы нәтижелері бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік доценті» номинациясын жеңіп алды,сондай-ақ Әл-Фараби атындағы КазҰУ «Нанотехнологиялар және наноматериалдар» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарылату курсынан өтіп, куәлік алды (Алматы қ., 2011,желтоқсан).

Профессор Анарбаев А.А. және доцент Кабылбекова Б.Н. халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын  (серия А,  № 00000042 ), 21.07.08ж. «ASIIN» берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды.

Кафедра доценті Кабылбекова Б.Н және профессор Анарбаев А.А. ҚР ҒБМ-нің жарияланған байқауына қатысып, көлемі 10 млн болатын мемлекеттік грантын ұтып алды.

Кафедра доценті Мирзаев А.А. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айында Японияда нанотехнология бойынша ҚР Президенті Назарбаев Н.А. «Болашақ» халықаралық грантының иегері ретінде ғылыми стажировкадан өтіп келді.

2009-2010 оқу жылында кафедрада  жүзеге асырылған білім беру бағдарламалары ҚР БжҒМ аттестатталды.

2012 жылы кафедра доценті Мирзаев А.А. және аға оқытушы Майлиева Г.К. ҚР БжҒМ жариялаған жобалар конкурсына қатысып, көлемі 20 млн болатын грант ұтып алды.

2013 жылы кафедра доценті Высоцкая Н.А. ҚР БжҒМ жариялаған жобалар конкурсына қатысып, көлемі 30 млн болатын грант ұтып алды.

Кафедра доценті Мирзаев А.А. РФ ҒжБМ  ФМҚБМЖКБ «Казань ұлттық зерттеу технологиялық университеті» жанында өткізілген «2011 жылы нанотехнологиялар мен наноматериалдар аумағында ЖОО-ның студенттерінің ҒЗЖ жалпы ресейлік конкурсының» ұйымдастырушы комитетінің Алғыс хатын алды.

Кафедраның аға оқытушысы Айкозова Л.Д. Украинада өткен (Днепропетровск қаласы 4-7.12.2011ж.) «Водная гармония»  атты халықаралық Норвегия-Евразиялық ғылыми семинарына және де 2013 жылы 2-12 шілде аралығынада Осло қаласында (Норвегия) өткен ғылыми жобаның семинарына қатысып келді, сондай-ақ 2010-2011 оқу жылы нәтижелері бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік аға оқытушысы» номинациясын жеңіп алды.

Кафедраның доценті Тукибаева А.С. ҚР Президенті Назарбаев Н.А. «Болашақ» халықаралық грантының иегері атанды. 2012 жылдың наурыз-сәуір айында Польшада ғылыми стажировадан өтеді.

6M0606-Химия, мамандандыру «Электрохимиялық технология» білім бағдарламалары «Русский регистр» ішкі аудиті бойынша тексеруден жетістікпен өтті. 050606-Химия мамандығы бойынша магистратура ашылып, лицензия алынды. 2009-2010 оқу жылынды кафедрада орындалған білім бағдарламалары ҚР БжҒМ жетістікпен аттестатталды. Басты жаңалық 050606-Химия, білім бағдарламасы АСИИН бойынша халықаралық талаптарға сай аккредитациялық аудитті жетістікпен өтті.

Кафедраның студенттері келесі өндіріс орындарында оқу-тәжірибеден өтеді: «Сот сараптама орталығы», «КазНИИ Химпроект»,  ОҚО ІІД Жедел криминалистикалық басқармасы, ЖШС КАЗНИИХИМПРОЕКТ, «ЮЖПОЛИМЕТАЛЛ» ӨК АҚ, ҚР ӘМ ОҚА ҒӨЗ Соттық сараптама оралығы, АО Химфарм «SANTO», корпорация  «Береке-А».

Кафедра қызметкерлерімен жарық көрген мақалалар саны 59 ғылыми жұмыс, соның ішінде жақын және алыс шет елдердегі баспаларда.

Ғылыми бағыттары:

1. Химия, мұнайхимия және металлургия өндірістерінің шикізаттарын комплексті қолдану және техногенді қалдықтарды пайдаға асыру жолдары.

2. Электротермиялық әдіспен фосфор алу барысында фосфат шикізатын термиялық дайындау.

3. Өсімдіктерді қолданып, дәрілік препараттардың электрохимиялық синтезінің нанотехнологиясын өңдеу.

4. Каталитикалық пиролиз әдісінің нанотехнологиясын құру, катализаторды минералды шикізаттан алу технологиясын жасау.

5. Катализаторлар мен адсорбенттер қолдану арқылы сарқынды суларды зиянды заттардан тазалау.

6. ПАВ және БАВ жергілікті шикізаттан алу технологиясын дайындау.

2009-2011 жылдарға «Әртүрлі функционалды қолдануға арналған келешегі бар материалдарды құрастыру және жаңа технологиялардың ғылыми негіздерін дайындау

1. №318-3.3.1-591ФИ «Марганецқұрамды шикізатты мұнайлы битумды қолданып агломерациялаудың физика-химиялық заңдылықтарын зерттеу».

№318-3.2.4-623ФИ «Алкалоидтар, флавондар және флавоноидтар негізінде емдеу заттар электрохимиялық синтездеумен нанотехнологияны жасау».

Біздің жетістіктеріміз

Конкурстарға грант алу үшін дайындалған жұмыстар – ҚР ҒБМ-нің гранты бойынша 2 ғылыми-шаруашылық жұмыстар: проф. Жақыпбекова Н.О. (проект №387), т.ғ.д. Тлеуов А.С. (проект №384). 10,5 млн.тг. көлемінде әр қайсысы.

- өндіріске енгізілуге арналған ғылыми жоба: «Фосфор өндірісінде агломерат алуда кокс шығынын азайту» тақырыбы бойынша (Тілеуов Ә.С.).

- Республикалық бағдарлама бойынша 2 ғылыми жоба жүзеге асырылуда: 055 «Нанотехнология және наноқұралдар», 1 ғылыми жобаның жетекшісі Жақыпбекова Н.О. №225, 1,596 млн.тг. көлемінде; 1 ғылыми жоба жетекшісі Мырзаев А.А., №221, 2 млн.тг. көлемінде.

- кафедрадағы ғылыми және творчестволық жұмыстары бойынша мемлекеттік сыйлық лауреаты Жақыпбекова Н.О. мұнай өндірісінде қолданылатын өндірістік қалдықтар мен минералды тұздардан алынатын полимерлік реагенттердің технологиясымен айналысады. 2007 жылы полимерлік реагенттердің өндірістік тәжірбиесі жайлы акт алынған. АҚ «Интеркомшина» мекемесінде резина қасиетін күшейту үшін «Алюминий Казахстана» АҚ полимерлік реагенттің гальванотехникада БАЗ ретінде қолданылуы туралы пікір алынды;

- профессор Тілеуов Ә.С. ҚР «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері;

-т.ғ.к., доцент Мирзаев А.А. өндірістік сарқынды суларды зиянды заттардан тазалау ретінде адсорбенттер мен гетерогенді катализаторды қолданумен айналысады, нанотехнология саласы бойынша Жапонияда ғылыми стажировкадан өтті;

- қорғалған интеллектуальды жұмыстар – жаңалық, авторлық жұмыстар бойынша: т.ғ.д. Тілеуов Ә.С. «Способ агломерации фосфатного сырья» тақырыбы бойынша 1 патент және 1 алдын-ала патент алды, т.ғ.д., профессор Жақыпбекова Н.О. 2 патент алды: «Способ получения флокулянта», «Электролит меднения», 1 предпатент «Изолирующие составы в резиновых смесях».

Кафедрада ОҚО аймақтық Технопаркімен бірге «Коллоидты күкірт» ауылшаруашылық препаратының өндірісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылғы қаржы көлемі - 2 932 000 тенге.

Кафедра қызметкерлерімен жарық көрген мақалалар саны 59 ғылыми жұмыс, соның ішінде жақын және алыс шет елдердегі баспаларда.

- Кафедра доценті Кабылбекова Б.Н.  «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы, ҚР БжҒМ грамотасымен  маратталған, бірінші оқытушы-педагогтардың форумының «Ең жақсы новатор» 3-і дәрежелік дипломымен марапатталды.

- Анарбаев А.А. студенттердің дайындау мен тәрбиелеудегі жеткен жоғарғы жетістіктері және химия-технологиялық факультеттің студенттерін тәрбиелегені үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

- Кафедра профессоры Анарбаев А.А., кафедра меңгерушісі Кабылбекова Б.Н., аға оқытушы Айкозова Л.Д. «Asian Journal of Chemistry» журналында мақалалары жарық көрді. India, New Delphy

- 2013 кафедраның доценті Высоцкая Н.А. М.Әуезов атындағы ОҚМУ мақтау қағазымен марапатталды.

- М.Әуезов атындағы ОҚМУ грамотасымен х.ғ.к.,доцент  Высоцкая Н.А. марапатталды.

- Кафдра ПОҚ (Қабылбекова Б.Н., Айкозова Л.Д., Высоцкая Н.А., Тастанбеков Б.М.) студенттері 14-ші студенттердің конференциясына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

- ХТ-08-1к4 тобының студенті Байсеитова С.(жетекшісі Мирзаев А.А.) курстық жұмыс конкурсына қатысып, 3-ші орынды иеленді.

- ХТ-10-1к4  тобының студенттері Жаксылыкова С., Исаева А. VII  халықаралық көміртекті материалдар және композиттер симпозиумына және  V жас ғалымдарға арналған ТМД елдерінің жоғарғы курсына қатысып сертификаттар және медальмен марапатталды. (Жетекшісі Мирзаев А.А.)

Салалық өндірістермен байланыстар. Халықаралық қатынастар

 «Химик-аналитик» мамандығын ашу мәселесі аналитикалық химия аймағында мамандар дайындауға бағытталған. Химия халық шаруашылығын дамыту индустриясында өте маңызды орын алады, солардың ішінде мұнай өнімдерін өңдеу, мұнай химиясы және микробиология өнеркәсіптері.

Жаңа химиялық технологиялар өндірісін жолға қою, істеп жатқан өндірісті жаңарту (реконструкция) қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, шығарылып жатқан жаңа халық шаруашылығы өнімдерінің сапалылығын бақылау үшін жаңа талдау әдістерін құрастыруды керек етеді.

Аналитикалық химия ғылым ретінде зерттелетін заттың құрамдық қасиетін өндеу процесстерін анықтайды. Химиялық талдау шикізаттың, алынатын заттың және жартылай өнімнің сапалығын анықтауға қолданылады. Аналитикалық химияға әр бір ғылыми аймақ және химиялық өндіріс өз мақсаттарын қояды.

Медицинада жеке элементтерді сапалық және сандық түрде анықтауына өте үлкен көңіл бөлінеді. Ауыл шарушылық өнімдерінің өнімділігі тыңайтқыштар құрамындағы B, Fe, Mo, Ca, Si т.б. микроэлементтердің заттар ішіндегі мөлшеріне байланысты болады.

Кафедра оқу ғылыми өндірістің кешендерді ұйымдастыру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Казфосфат», АҚ «Интеркомшина», АҚ «Алюминий Казахстана», АҚ «Шымкент май», с АҚ «Қайнар» секілді Қазақстан Республикасының ірі өндіріс пен мекемелерімен, Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарымен: «Медициналық академия", ӘльФараби атындағы ҚазМУ, ХҚТУ «Шымкент» институтымен тығыз байланыста. Сондай-ақ алыс және жақын шетел мемлекеттерімен, ғылыми және оқу үрдісі бойынша біліктілікті жоғарылату және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Өзбекстан Республикасының, Ресейдің жоғары оқу орындарымен, атап айтар болсақ: Ташкент мемлекеттік авто-жол институты, Санкт-Петербург технологиялық институтымен ынтымақтастықта. Сондай-ақ «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен тығыз байланыста ғылыми-өндірістік жұмыстар жүргізілуде.

Химия мамандығы, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын  (серия А,  № 00000042 ), 21.07.08ж. «ASIIN» берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды, соның нәтижесінде мамандық бойынша магистратура бөлімін ашуға мүмкіндік алды.

Ғылыми бағыттар:

     - Химиялық өндірістердің кондиционды емес шикізаттар мен қалдықтарын өңдеу технологиясын жасау;

    - Газ тәрізді және қатты қалдықтарды электрохимиялық әдіспен тазалаудың технологиясын жасау.

    - Арнайы гальваноқаптамаларды алудың әдісін жасау;

    - Минералды шикізат және фосфор, химиялық, тау-химиялық, металлургиялық және мұнайхимиялық өндірістердің техногендік қалдықтарын комплексті өңдеу;

    - Минералды тұздарды  құнды өнімдерге өңдеудің ғылыми негізін және технологиясын жасау;

    - Берілген функционалды қасиетерімен наноқаптамаларды алу;

    - Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеу және технологиясын жасау

    - Ауыл шаруашылық өнімдерінің гидролизі

    - Наноқұрылымды корозияға қарсы қаптамаларды алу технологиясы;

    - Құрамында күкірті бар қалдықтардан күкірт қышқылын алу технологиясын жасау;

    - Құрамында табиғи целлюлозасы бар минералдардан микробөлшектік нанобөлшектер алу;

    - Құбырладың ішкі қабатын коррозиялық-қақты жиынтықтардан тазалау технологиясын жасау;

    - Табиғи  өсімдік шикізаттарынан алынған наноқұрылысты композиттер мен өндірісте сұранысқа ие заттардың қасиеттерін зерттеу.

Кафедраның коллективі келесі университеттермен ғылыми жәнедостық қарым-қатынас жасайды. Атап айтқанда: Д.И. Менделеев атындағы РХТУ  Москва қ.; Москва мемлекеттік инженерлік-экологиялық университет; Сант-Петербург мемлекеттік технологиялық университет; Новосибир мемлекеттік университеті,  Химия-технологиялық институты, Ташкент қ.; Химиялық технология институты, қырғызстан, Бішкек қ.; Белоруссия мемлекеттік университеті, Минс қ.; Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен тығыз байланыста ғылыми-өндірістік жұмыстар жүргізілуде

Кафедра оқу ғылыми өндірістің кешендерді ұйымдастыру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Казфосфат», АҚ «Интеркомшина», АҚ «Алюминий Казахстана», АҚ «Шымкент май», с АҚ «Қайнар» секілді Қазақстан Республикасының ірі өндіріс пен мекемелерімен, Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарымен: «Медициналық академия", ӘльФараби атындағы ҚазМУ, ХҚТУ «Шымкент» институтымен тығыз байланыста.

2013 жылдың 20.02-10.03. және 15-30.10.аралығында аралығында біздің кафедраға келіп, келесі ғалымдар лекция оқыды: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ жану институтының   профессоры Мансуров З.А.;   Санкт-Петербург мемлекеттік  ақпараттық технологиялар, механика және оптика  университетінің нанотехнология және наноматериалдары бойынша жетекші маман профессор Голубок А.О.; IMEC, Бельгиядан профессор Бакланов М.Р; М. Ломоносов атындағы ММУ профессоры Рахимов А.Т., Германиядан Неміс аэрокосмостық агентстігінің т.ғ.к., ассоцирленген профессоры Славинская Надежда Александровна, Германия,  Дортмонд қ.

Бітіруші түлектер

«Нанотехнология» кафедрасының түлектері көптеген өндірістік саларларда, орта және үлкен бизнес салаларында, ішкі орган қызметінде, сараптау бөлімдерінде жұмыс жасайды. Олардың көпшілігі зауыттардың, цехтардың, бөлімшедердің басшылық қызметінде. Атап айтқанда: зауыт директорлары Исаев В.А., Ажмаганбетов К.И., Франгулиди Я.Х., Жумарбаев Э.У.  Көпшілігі Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Таджикистандағы электрохимиялық зауыттарда жұмыс жасайды.

Кафедра түлектерінің 50 бітірушісі ғылым кандидаттары, 7 ғылым докторы атағын алды. Бітірушілер арасында 2 Мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты атағын алды (Журинов М.Ж., Баешов А.Б.) 

Журинов М.Ж.. творчестволық жетістіктерін айрықша атып өтуге болады. Ол ХҚТУ алғашқы ректоры (содан соң президенті) болды, ҚР білім және ғылым министрі қызметін атқарды. Қазіргі таңда ҚР ҰҒА басқарады, сондай-ақ  Д.В.Сокольский атындағы ОКжЭИ директоры да болып табылады.  Д.В.Сокольский атындағы ОКжЭИ директорының орынбасары т.ғ.д., проффессор Баешов А.Б.