Халықаралық ынтымақтастық

БЗХТ кафедрасының оқытушылары екі халықаралық білім беру жобасын жүзеге асыруға қатысады.

профессор Жекеев М.Қ., жетекшілігімен «Водная гармония-интеграция образования, исследований, инновации и предпринимательства» тақырыбында СРЕА-2015/10036, 2016-2019 жылдарға халықаралық жобаларға шарт жасалынған. Жаратылыстану ғылымы бойынша Норвегиялық университет; Украиналық мемлекеттік х,имия- технологиялық университет, Днепропетровск қаласы, Киевтегі Ұлттық техникалық университет, Киев қаласы, Украина; Черкасстық мемлекеттік техникалық университет, Черкаск қаласы; Беларусияның мемлекеттік техникалық университеті, Минск қаласы; Молдованың техникалық университеті, Кишинев қаласы; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан; Тәжіктің техникалық университеті, Душанбе қаласы; Тәжікістанның таулы-металлургиялық институты, Чкалов қаласы. Жобаның шеңберінде Жекеев М.К. Молдова Техникалық университетінде 16.05.2018 бастап 20.05.2018 аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейтмагзимова Г.М. Францияның Лион қаласында орналасқан Jean Moulin University Lyon 3  университетте докторанттарға арналған сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру ERASMUS + C3QA “Promoting internalization of research through establishment of Cycle 3QA System in line with the European Agenda”  халықаралық білім беру жобасын іске асыру бойынша семинарға қатысты 29.05- 2.06. 2018;

РһD аға оқытушы  Тлеуова А.Б. 15.10.17 - 20.10.17 аралығында Алкала қаласында (Испания) Алкала университетінде «ERASMUS+ C3QA“Promotin ginternalization of research throughest ablishment of Cycle 3QA Systeminlinewiththe European Agenda” в University de Alcala» жобасы шеңберінде өткізілген сыртқы және ішкі сапа бағалау бойынша тренингке қатысты.

Сондай-ақ, «ҚР-ның үздік оқытушысы-2017» гранты шеңберінде кафедра профессоры, техника ғылымдарының докторы. Сатаев М.С. Белоруссиялық мемлекеттік университетінде 1981 жылдың 7 мамырынан 2013 жылдың 8 мамырына дейін ғылыми тағылымдамадан өтті.

   


Кафедра шетелдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары мен ғылыми және шығармашылық қарым-қатынаста. Олардың қатарында: Мюнхен техникалық университеті (Германия); Кардифф университеті (Ұлыбритания); Беларус мемлекеттік техникалық университеті (Минск қ.); Д.И.Менделеев атындағы МХТУ (Мәскеу қ., РФ); Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті (Санкт-Петербург қ., РФ); Иванов мемлекеттік химия-технологиялық университеті, (Иваново қ., РФ); М.Ұлықбек атындағы Өзбек халықаралық университеті, (Ташкент қ., ӨР); Бийск технологиялық институты (Бийск қ., РФ); Таджикистан тау-металлургиялық институты (Чкаловск қ., ТР) және т.б.