Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Білім берудегі коучинг: реформадан эволюцияға бағыт алу»

2018 жылы 5 ақпанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында «Білім берудегі коучинг: реформадан эволюцияға бағыт алу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к.,доцент Колесников А.С., Ph.D докторы, аға оқытушы Жакипбаев Б.Е., магистр, оқытушы Тағыбаев А.Б., магистр, оқытушы Күлмаханова А.Ш., магистр, оқытушы Қалыбаева М.И. қатысып, сертификаттар алды.