Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

Тақырыбы бойынша студенттік олимпиада

2019 жылдың 26 наурызында Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде студенттер арасында пәндік олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. 27-28 наурызда Биотехнология кафедрасында екі кезеңнен тұратын іріктеу өткізді: студенттерді «Микробиология» және «Биохимия» пәндерінен тестілеу және зертханалық ізденістер жүргізу.

Олимпиаданың мақсаты: биотехнология саласында студенттердің сапасын жоғарылату, дарынды студенттерді анықтау және ғылыми-өндірістік қызметке жақсы мамандарды қалыптастыру. Олимпиаданың міндеті - биотехнологтың таңдаған мамандығына студенттердің қызығушылығын арттыру, олардың оқу деңгейін анықтау, студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге үлес қосу.

Олимпиада тапсырмаларын дайындау үшін биотехнология кафедрасының жетекші мамандары комиссия құрады: б.ғ.қ., доцент, кафедра меңгерушісі Г.А. Рысбаева, т.ғ.к., доцент А.М. Есимова, т.ғ.к., доцент А.А. Сапарбекова, аға оқытушы Г.С. Рысбаева, т.ғ.к., доктор PhD, аға оқытушы M.A. Джакашева.

Олимпиадаға 160 екінші және үшінші курс студенттері қатысты, соның ішінде тестілеу нәтижелері бойынша жоғарғы балл (40-50 балл) 87 оқушы болды. Зертханалық жұмыстардың көрсеткіштері бойынша ең жақсы нәтиже (40-50 балл) ХT-16-5p, ХT-17-5p, ХT-17-5к2 топтарының студенттері көрсетті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен Республикалық олимпиадаға қатысуға ең дарынды студенттерді 5В070100-Биотехнология мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне таңдады.