Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

«Экология” кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары.

“Экология” кафедрасында ҒЗЖ Б-11-04-07 «Транспорттағы және өндірістегі  жаңа экологиялық қауіпсіз технологиялар және мониторинг» тақырыбында мемлекеттік  бюджеттегі  жұмыстар жасалынуда.  Жалпы кафедрада  1-ғылым  докторы: б.ғ.д., Исаева А.У, 4- профессор,  8-ғылым кандидаттары  жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми- зерттеу жұмыстары 2015-2020 жылдарға арналған жоспарына сай жүргізілуде. Кафедрада 3 ғылыми  жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар   ҚР БҒМ  тарапынан қаржыландырады.  Соңғы  оқу жылында кафедрада 108 ғылыми еңбек жарияланды, соның ішінде   Томсон рейторс бойынша импакт-факторы бар журналда 6 мақала жарияланып, 40-тан астам халықаралық және республикалық конференцияларға қатысты. Экология кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары университеттің  жоспарына сәйкес бекітілген бағыттар бойынша жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 5 монография және 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жарияланды. Кафедра оқытушылары соңғы 5 жылда, өнертабысқа берілетін   21 патенттер мен авторлық куәліктердің иегері атанды.

                Кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу процессіне сәтті енгізілуде. Соңғы оқу жылында  кафедрада  15  оқу процессіне енгізу актісі жасалды. Кафедраның  магистранттары  іс-тәжірибесін жақын және шетелдерде  өткізуде. Кафедра магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде,Ташкент Технологиялық институтында, Бишкек Мемлекеттік техникалық институтында іс-тәжірибесін өткізіп қайтты.

 

Экология кафедрасының студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
 

“Экология” кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның жалпы бекітілген ҒЗЖ жоспарына сай оқытушы-профессорлардың жетекшілігімен жүргізілуде. Кафедрада «Экос» атты ғылыми үйірме жұмыс істейді. Осы үйірмеде жыл сайын 40-тан  астам ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқылануда, ең үздік шыққан баяндамалар факультеттік және университеттік  конференцияларда баяндалып, дипломдармен марапатталуда. Студенттер  жақын және алыс шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға белсене қатысуда. Соңғы оқу жылында студенттердің  30-дан астам ғылыми еңбектері мақала түрінде жарияланды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.  Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын  дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.

ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:

  • таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
    - бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
    - әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,
                СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері:
    - өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
    - студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
    - студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
    - ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
    - ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
    - студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
    - отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;