Green Metric Rankingof World Universities

2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ алғашрет Green Metric Rankingof World Universities беделді әлемдік рейтингіне қатысып, 458-ші орынға, ал қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде лайықты 6-орынға ие болды.

Осы әлемдік рейтингке қатысу аясында университет тұрақты даму және «жасыл» экономика, ғылым мен  инновациялық технологияларды дамыту ұстанымдарына сүйенген кадрларды даярлау міндеттері арқылы бас қосқан қатысушылардың – жоғары оқу орындарының ерікті бірлестігі болып табылатын «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» халықаралық ғылыми-ағарту консорциумының мүшесі болды.

Консорциумның құрылтайшылары – Ресейдің бірінші Президенті Б.Н.Ельцина тындағы Орал федералды университеті (Ресей) және Әл-Фарабиатындағы Қазақұлттық университеті (Қазақстан).

Біздің консорциумға кірудегі мақсатымыз - экологиялық таза және озық технологияларды енгізу арқылы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, экономика мен табиғатты пайдалану құрылымында қайта құру, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мен тұтынуды ғылыми негіздеу, жасұрпақ бойында табиғи ортадағы мінез-құлық пен іс-әрекеттің жаңа экологиялық жауапты модельдерін қалыптастыруға, табиғатпен өзара әрекеттесуді олардың күнделікті тәжірибесіне енгізуге, сондай-ақ пәнаралық және жүйелік саралауға негізделген заманауи экологиялық проблемаларды қарастыру мен талдауға объективті ғылыми көзқарасты қамтамасыз етуге бағыттау.