Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

2017 жылғы мамыр айының 15 жұлдызында «Цемент керамика және шыны технологиялары» кафедрасында Ұлы Отан соғысы жеңісіне 72 жыл толуына орай «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат болып өтті. Тәлімгерлік сағатта кафедрада қызмет атқарған соғыс ардагерлері техника ғылымдарының кандидаты, профессор Анатолий Александрович Балакирев пен техника ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Григорьевич Рухлин еңбектері, соғыс кезіндегі ерліктері еске алынды. Бұл іс-шараның  мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұстаздардың, магистрант және студенттердің санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, жастарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.