«Еңбек күніне» арналған ашық тәлімгерлік сағаты

            02.10.2015 ж «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Химия» кафедрасында ХТ-14-3К және ХТ-14-3Р топтарының ұйымдастыруымен «Еңбек күніне» арналған ашық тәлімгерлік сағаты «А» ғимаратының 127  аудиториясында өткізілді.

 

            Тәлімгерлік сағатты өткізгендегі мақсат: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, «Еңбек»  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек ардагерлерін құрметтеу.

            Тәлімгерлік сағатқа Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Байдаулетов Сейдахмет Ауелбекұлы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров Мұхан Омарұлы және «Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің»  еңбек ардагерлері, ұстаздары және студенттері қатысты.

            Студенттер «Еңбек»  туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтып, еңбек ардагерлеріне арнап ән шырқады.

            Тәлімгерлік сағат соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Байдаулетов С.А., Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров М.О.  және «Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің»  деканы Болысбек А.Ә. сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.