«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік!»

13 желтоқсан  2017жылы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік!» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта Тәуелсіздік  тарихымен таныстырылды, баяндамалар тыңдалды. Университеттің  аға тәлімгері Бейсенов С.Д. және «ХИжәнеБ» жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай О.П сөз сөйледі. Іс-шарада сазды әуендер шырқалып, студенттер «Қайраттың хаты» атты көрініс көрсетіп, бишілер әсем биін ұсынды.