Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын қолдау мақсатында интерактивті дәрістер және түсініктеме жұмыстар жүргізілді

Іс шараға қатысқан ТІжЖСД бас маманы Орынбекова Г.Б., АББО сектор меңгерушісі Шамбулова Х. және оқу зал меңгерушісі Молдасейтова Қ. ХИжБ жоғары мектеп студенттеріне «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: реформалар, даму» атты жолдаудың 5 бағытына жеке-жеке тоқталып, ол бағыттарды ашып, айқындап түсіндіріп өтті. Сонымен қатар университет кітапханасынан қандай материялдар мен кітаптар, ақпарат құралдарын пайдалану мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде кітапханашы Улкенбаева А. осы тақырыпқа арналған кітап көрмесін ұсына отырып, кітапхана қорынан мәліметтер беріп өтті. Бірнеше студент саясаттанушы маманға сұрақтарын қойып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.