“Экология” кафедрасының «Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 25 жылдығына» арналған ашық тәлімгерлік сағаты

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  “Экология” кафедрасының «Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 25 жылдығына» арналған ашық тәлімгерлік сағаты қараша  айының 22 жұлдызында 419А өтті. ХТ-14-4к1,4к2,4р тобы студенттері және топ тәлімгерлері (Жорабаева Н.К., Ашитова Н.Ж., Еримбетова А.А.) ұйымдастырды. Тәлімгер сағатында ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері – слайдтар, Ұлы адамдар сөзінен цитаталар оқытылды  және т.б. көрсетілді. Тәлімгер сағаты өте қызықты болды және студенттер белсенді болды.