Экология

    Кафедра меңгерушісі

   

    Исаева Разия Әділбекқызы

   

  Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қ., 486018, Тауке-хан даңғылы 5, О.Әуезов атындағы ОҚМУ, корпус "А", каб. 414
Телефон: 8-(7252) 21-46-07 Факс: 8-(7252) 21-01-41
Е-mail: ecology-bezop@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

«Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының тарихы

1973 жылы Қазақ КСР жоғары білім Министрлігі ҚазХТИ табиғи сулар мен өндірістік тастамаларды тазарту бойынша инженерлерді дайындау жайлы шешім қабылдады. Осы жылы «Бейорганикалық заттар технологиясы»  кафедрасына 1217 мамандығы бойынша алғашқы студентер қабылданды.

1977 жылы Ш.М. Молдабековтың басшылығымен  «Табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясы» атты жеке кафедра болып бөлініп шықты.

Кафедра елдің инженер құрылыс жоғары оқу орындарының «Сумен қамту және канализация» факультетінің бітіруші-мамандарымен жинақталды: Новосибирь (В.И.Зрашевская), Мәскеу (Джанабаев Н.С.), Ленинград (Нурумбетов Н.С. және Камшыбаев А.А) жол – құрылыс институт (Дергачев П.П және Егорова О.В.). Кафедраға жұмыс істеуге келген кандидат науктар  Кожевникова Г.И.,Прусова В.Н., Навесов Ш.А., Бестереков У.Б., Умарова Ж.А., Серманизов С.С және т.б.

1978 жылы табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясынан  бірінші бітіруші инжинерлер шығарылды. 1980 жылы кафедра атауы «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірістік ағынды суларды залалсыздандыру»  деп өзгертілді. Осы мерзімде біздің кафедра Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиядағы жалғыз профильді кафедра болып табылды. Мамандарды дайындау бойынша 50 кәсіпорынмен келісім жасалды. 12 жыл аралығында кафедра жыл сайын Өзбек және Қырғыз КСР үшін кооперациялы келісім бойынша 17 маман дайындайтын.

1989 жылы «СРҰП ж ӨАСТ» кафедрасының негізінде «Өндірістік экология және қоршаған ортаны қорғау»  кафедрасы ұйымдастырылды және 2513 –«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қорғау» мамандығының екі специализациясы  бойынша: «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау» және «Өндірістік экология және табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану»  мамандықтары  бойынша  инженер-экологтарды қосымша түрде дайындауды бастады. Кафедра 2908 және 2513 мамандықтары бойынша Қарақалпақыстанның  су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың басқармасының тікелей келісімін орындап отырды. 1999 жылдан бастап кафедра «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» деп аталды, 1703 – «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша  инженер-экологтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындады. 2006 жылы кафедраны екі кафедраға бөлді: «Экология» және «ТҚ ж ҚОҚ».

2010 жылдық 24 қыркүйегінде «Экология» және «География» кафедралары «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасы атауымен біріктірілді.  2014 жылдың тамыз айынан бастап  кафедра «Экология» атауын қайта алды. Қазіргі таңда  кафедра 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша бакалаврларды және 6М060800 – «Экология» мамандығы бойынша магистрларды дайындайды.

 

 

2. Кафедраның ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметі

«Экология» кафедрасында оқу процессі барлық қажетті  оқу-әдістемелік және ақпарат көздерімен қамсыздандырылған: оқулықтар,  оқу құралдары,  әдістемелік  нұсқаулар,  электронды оқулықтар,  виртуалды зертхана жұмыстары және бейнедәрістер.

«5В060800- Экология»  мамандығының оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етілуі 27943 экземпляр құрайды, бір студентке  145,5 бірлік.

Білім алушылардың білі алуға деген қызығушылығын туғызу үшін, оқыту түрлерінің түрлі инновациялық әдістер мен технологияларын  жалпыландыру және  енгізуді қарастыратын   оқытушының ізденіс жұмыстары (эвристикалық) іске асады.  Берілген әдістердің мақсаты  білім алушының жеке тұлға жетістіктерінің қасиеттерін жетілдіру болып табылады, бұл қасиеттер  олардың  құзіреттілік деңгейімен және  оқу бітіргенге дейін жоспарланған  нәтижелерге  қол жеткізуге  септігін тигізеді.

Кафедраның оқытушы-профессор құрамымен соңғы 3 жыл аралығында келесі  оқу-әдістемелік жұмыстар орындалды:

Бейнедәрістер:

  1.  «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша кейс, Авторлары Байбатырова Б.У., Ауелова Ж.
  2. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бейнедәрістер:
  •  «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша, Шыңғысбаева Ж.А., Ашитова Н.Ж қазақ және орыс тілдерінде;
  •  «Экологическое образование и мировозрение» пәні бойынша , Туребекова Г.З ағылшын тілінде.
  • «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша, Авторы: Ашитова Н.Ж.
  • «Структура вещества», Авторлары: Туребекова Г.З., Бацанов А.С.«Экологиядағы өлшеу құралдары мен заманауи әдістері» пәні  бойынша дәріс сабақтарда;
  •  «Антиоксиданты: исследование традиционными методами-ORAC, DPPH, TEAC» Туребекова Г.З., Мезиани С. Қолданылатын пән: «Экологиялық стандарттар, сертификаттар, лицензия» пәнінен дәріс сабақтарда;
  • «Европейский институт антиоксидантов: исследование, экспертиза антиоксидантов растительного происхождения» Туребекова Г.З., Мезиани С. Қолданылатын пән: «Экологиялық стандарттар, сертификаттар, лицензия»
  • «Әуе бассейнін қорғау» пәні бойынша, Авторы: Ашитова Н.Ж.
  • «Биосфераның пайда болуы және эволюциясы» пәні бойынша, Авторы: Ашитова Н.Ж.
  • «Өндірістік экология» пәні бойынша, Авторы: Исаева Р.А.
  • «Происхождение и эволюция биосферы» пәні бойынша, Авторы: Ашитова Н.Ж.
  • «Әуе бассейнін қорғау» пәні бойынша, Авторы: Абдуова А.А.
  • «Экологиялық қортану » пәні бойынша, Авторы: Утебаев А.А.
  • «Environmental resource management» пәні бойынша, Авторы: Таубаева А.С.
  • «Protection and rational use of water resources» пәні бойынша, Авторы: Досбаева А.М.
  • «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша, Авторы: Адырбекова Г.Т.
  1. Виртуалды зертхана жұмыстары:
  • «Топырақтану» пәні бойынша «Топырақ құрамындағы аммонилі азотты анықтауға арналған Сереньев Қондырғысы».  Авторлары: Шакиров Б.С., Умбетов У., Югай М.Б.
  • «Ақаба суларды тазалау технологиясы» пәні бойынша «Ақаба суларды тазалаудың технологиялық сызбасы». Авторлары: Шакиров Б.С., Калдыбаев А.
  • «Ақаба суларды тазалау технологиясы» пәні бойынша «Қалқыма толтырмасы бар сүзгіде  суды түссіздендіру құралы». Авторлары: Шакиров Б.С., Навесов Ш.А.
  • «Установка для удельного сопротивления осадка и сопротивления фильтрующей перегородки» ». Авторлары: Шакиров Б.С., Навесов Ш.А.
  1. Электронды оқу құралдары:
  • «Экология және тұрақты даму»,   Авторлары: Сихынбаев А.Е., Шыңғысбаева Ж.А., Исаева Р.А., Сатаева Л.М.
  • «Экология және табиғи ресустар»,  Авторлары: Шакиров Б.С., Исаева Р.А., Шыңғысбаева Ж.А., Сихынбаева Ж.С.
  • «Экология және табиғи ресурстар». Авторлары: Шакиров Б.С., Исаева Р.А., Шыңғысбаева Ж.А., Сихынбаева Ж.С.
  • «Қоршаған орта ресурстарын тиімді пайдалану». Авторлары: Шакиров Б.С., Исаева Р.А., Шыңғысбаева Ж.А., Сихынбаева Ж.С., Төребекова Г.З.
  • «Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану». Авторы: Шакиров Б.С., Исаева Р.А., Шыңғысбаева Ж.А., Сихынбаева Ж.С., Төребекова Г.З.
  • «Комплексное использование отходов пищевой промышленности». Авторлары: Шакиров Б.С., Сапарбекова А.А., Дьяконова Е.Т., Халимова Т.А.
  • «Өндірістік Экология». Исаева Р.А.
  1. Компьютерлі бағдарламалар:
  •  «Экотранс» компьютерлі бағдарлама (автотранспорт тастамаларын есептеу). Авторлары: Бахов Ж.К., Пчелка А., Кокишев Н.
  •  «Расчет эксергии» бағдарламалық кешен (өндірістік қалдықтардың энергетикалық бағалануы). Авторлары: Бахов Ж.К., Балабекова М.О., Орымбетова Э.М.

3.  Ғылыми стажировкалар және ПОҚ  санатын жоғарылату

Кафедра  оқытушылары алыс шетелдерде  стажировкалардан өтеді: ЖОО үздік оқытушысы грант аясында т.ғ.к., кафедра доценті  Сатаева Л.М. 2011 жылы 2 апта аралығында Өзбекістан республикасының ғылым Академиясында ғылыми стажировкадан өтті. Т.ғ.к., кафедра доценті  Сатаева Л.М. Болашақ бағдарламасы бойынша  2012 жылы Д.И.Менделеев атындағы  РХТУ ғылыми стажировкадан өтті. Сонымен қатар  кафедраның аға оқытушышы Жолдасбекова Н.Ш. Болашақ бағдарламасының степендианты аталды, Д.И.Менделеев атындағы  РХТУ ғылыми стажировкадан өтті (РФ, Мәскеу қаласы, 2013 жыл наурыз-маусым айлары). Т.ғ.к., кафедра доценті  Төребекова Г.З. Болашақ бағдарламасының степендианты аталды және 2014 жылы  көктемде Францияда ғылыми стажировкадан өтті. Жыл сайын бітіруші курс магистранттары міндетті түрде  шетелдерде стажировкадан өтеді. 2014 жылы көктемде 2 курс магистранты Сапарова Акмоншак Францияда стажировкадан өтті. Кафедра оқытушылары жылда  халықаралық жобалар бойынша  байқауларға қатысады.

Студенттер және оқытушылармен бірге сертификатталған қашықтықтан оқыту жүйесі бағдарламасының  мүмкіндіктері бойынша семинар (2012ж.)

«Экология» кафедрасының  аға оқытушылары А.Ж. Дайрабаева және

Н. К. Жорабаева  29.09 - 11.10.2014жыл аралығында Алматыда «Өрлеу»  педагногикалық мамандықтардың санатты жоғарылату курстарынан өтті. Курсты өту барысында барлық оқытушылар  тыңдармандардың  көңілін  мамандарды дайындау процесінде  белсенді оқыту үрдістерін пайдалану әдістеріне  көңіл аударды. 

2005 жылы суды тазарту бойынша INTAS «Open Call 2005-2006 Pre-Proposal» бойынша Франция, Англия, Украина, Қазақстанның  (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университет) қатысуымен "Natural adsorbents for selective removal of inorganic contaminants from drinking water based on functionalized clays", «Природные адсорбенты для селективного извлечения неорганических загрязнителей из питьевой воды на основе модифицированных глин» тақырыптары бойынша консорциум құрылды. 2005 жылы т.ғ.д., профессор Сатаев М.И. «The First European Summer School of Fatigue and fracture» ESSFF1 Бірінші  еуропалық жазғы мектебінің, механика және машиналар бөлімінің  грантын ұтып алды. Ополе техникалық университеті (OPOLE, POLAND). 

Экология кафедрасының  доценты  Шингисбаева Жадра Атирханкызы   оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша 2016 жылғы сәуір айының 3 жұлдызынан 17 жұлдызына дейін Дрезденнің техникалық университетінде   (Германия)  «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыпты лекциялар оқып келді.

 

“Экология” кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамының 2015-2016 оқу жылына біліктілікті жоғаралту туралы

  1. Изтлеуов Г.М
  2. Каримсаков К.Е
  3.  Таубаева А.С
  4. Шынғысбаева Ж.А

     Бұл оқытушылар біліктілікті жоғарлату сертификатын алып білімін жетілдіруді осы оқу жылының ақпан, наурыз айларында тағылымдамадан өттіп келді.  Жоспардан тыс “Жас оқытушылар мектебі” тақырыбы бойынша -72 сағат көлемінде біліктілікті жоғарлату сертификатын алып келген оқытушы Досбаева Айдана Мынболатқыз және  жоспарардан тыс кафедра оқытушылары  Исаева Р.А., Жорабаева Н.К., Ашитова Н.Ж., Дайрабаева А.Ж.,  ТОО “ КАЗФОСФАТ” Завод миненральные удобрения –біліктілігін жоғарлату  курсын өтіп келді.

           Қорта айтқанда, 2015-2016 оқу жылына жасалынған ПОҚ біліктілігін       

          жоғарлату жоспары толық орындалды.

4. Кафедраның ғылыми қызметі:

Кафедраның ғылыми бағыттарының негізгін келесі ғалымдар қалаған, олар қазіргі таңда танымал ғылым мектептерінің басшылары болып табылады:

ҚР Мемлекеттік сыйақы   лауреаты, техн, ғылымд, докторы, профессор Молдабеков Ш.М.

ҚР Мемлекеттік сыйақы   лауреаты, техн, ғылым, докторы, профессор Шәкіров Б.С.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сатаев М.И., техника ғылымдарының докторы, профессор Бахов Ж.К.

Кафедраның ғылыми жетістіктеріне үлкен үлес қосқандар: т.ғ.к., доцент Кожевникова Г.И. техника ғылымдарының кандидаты, доцент Навесов Ш.А., техника ғылымдарының кандидаты Жанабаев Н.С., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Камшыбаев А.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Дергачев П.П, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Прусова В.Н., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Туляева Р.Х., канд.техн.наук , доцент Умарова Ж.А. және т.б.

Кафедраның ғылыми қызметі келесі бағыттарды қамтиды:

-Өндіріс орындарының  шаруашылық қызметін экологиялық оптимизациялау және  бағалау әдістемесін  жасау;

- Ресурссақтаушы және  азқалдықты технологияларды кешенді түрде екіншілей және техногенді шикізатты қайта өңдеу;

-Өндірістік және коммуналды ақаба суларды кешенді  түрде тазалау;

- Ауылшаруашылық  қалдықтарды  инновациялық  экологиялы қауіпсіз және  биотехнологиялық әдістердің көмегімен қайта өңдеу;

-Тасталатын газдар мен ақаба сулардың  ластаушы заттарды  тазалаудың  химмиялық және сорбциялық әдісі;

- Экологиялық және техногенді  қауіпсіздікті бағалаудың   әдістемелік негіздері;

- Ақаба суларды  тазалаудың жаңа  биологиялық әдістері.

 

Ғылыми зеттеулерді қаржыландыру.

Мемлекеттік бағдарламалар:                        

1.Мемлекеттік бюджетті бағдарлама Б-ТФ-06-05-05 – «Жергілікті шикізатты экологиялық қауіпсіз кешенді ресурссақтау технологияларын өндіру және жасау.

Жетекшісі  техника ғылымдарының докторы, профессор Шәкіров Б.С.

Осы бағдарлама аясында келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда:

  • Экстракциялы фосфор қышқылыны өндірісінің экологиялық қауіпсіз экологиялық мәселелерінің инженерлі-технологиялық шешімдері.
  • Минералды тыңайтқыштар өндірісіндегі инженерлі-экологиялық сараптау және геотехникалық жүйелердің ғылыми негіздерін жасау.
  • Антиқышқылдағыш қоспараламен тұрақтандыру жолымен екіншілей бензиндарды эколого-эксплуатациялық сипаттарын арттыру.
  • Турбулентті көпкомпонентті  ағыстардағы анторопогенді жаратылысты аэрозольдардыңкоагуляция және тұндіру процестерін жүйелі-элементті   модельдеу.
  • Геотехникалық жүйелерде экологиялық тәуекелді басқару және өндірістік өнеркәсіп қызметін экологиялық оптимизациялау әдістемесін жасау.
  • Құйынды құрылымды турбулентті ағысты аэрозольді бөлшектердің әсерлесу процесін математикалық модельдеу.

2016 жылғы 24 мамырда G-global коммуникативтік алаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Экология» кафедрасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО» кафедрасының оқытушылары арасында «Роль высших учебных заведений в развитии «зеленой» экономики в РК» тақырыбында онлайн-бейнеконференция өтті. Сондай-ақ бейнеконференцияға Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет оқытушылары мен Шымкент қаласының Жаңа технологиялар колледжінің өкілдері қатысты.

Конференция баяндамаларының тақырыбы:

1. «Перспективы развития «зеленой» экономики в Республике Казахстан», рус. Баяндаушы - Шингисбаева Ж.А., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Экология»   кафедрасының профессоры .

2. «Зеленый офис университета», орысша. Баяндаушы - Тажибаева Т.Л., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО» кафедрасының профессоры.

3. «М. Әуезов ат. ОҚМУ жастарының ҚР жасыл экономикасының дамуына қосқан үлесі», каз. Баяндамашы – Изтлеуов Г.М., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Экология»   кафедрасының доценті.

4. «Университеттің жасыл офиссының дамуыныңдағы жастардың рөлі», қаз. Баяндамашы - Темирбаева К.Т., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО» кафедрасының оқытушысы.

2.Мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Республикасының ғылыми дамуын қамтамасыз ету». ( 2008-2010 ж.ж. орындалды)

Жетекшілері  - техника ғылымдарының докторы, профессор Шәкіров Б.С., техника ғылымдарының  кандидаты Қарымсаков Қ.Е.

Осы бағдарлама аясында келесі ғылыми-жұмыстар орындалуда:

  • Күкірт диоксидінен шыққан газ тастамаларын адсорбциялы каталитикалық-хемосорбциялы тазарту технологиясын жасау.
  • Атмосферадағы және топырақтағы зиянды және уытты заттарды заттарды экспресс-анықтауға арналған индикаторлы жайпақ элементтерді жасау технологиясы.

 

3. Мемлекеттік бағдарлама «Минералды ресурстарды және су ресурстарын орнын тотыру, бағалаудың заманауи мәселелерін шешу негіздері, геолого-географиялық  жүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және табиғи және техногенді қауіптіліктердің алдын алу».

Жетекшісі  техника ғылымдарының докторы, профессор Шәкіров Б.С.

Бұл бағдарлама аясында  келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда:

  • Мырғалымсай кен орынындағы  шахта өрісінің Түркістан өңірінідегі жер асты суларына ауыр металдардың таралу сипатына  гидродинамикалық процестерінің әсерін зерттеу және экологиялық аудандастыру.
  • Ионитті  сүзгілерді регенерациялау және шая барысында пайда болатын ағынды суларды электрокоагуляциялық тазарту технологиясын жасау.
  • Үшкальцийфосфат өндірісінде (КОФ цехы) шаң тазарту жүйелерінің  жұмыс тиімділігін зерттеу, түйершіктерді ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС ұсақтау бөлімі.

4.«Экология» кафедрасының 2016- 2020 жылдарға  арналған  ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша орындалып жатқан мемлекеттік бюджеттік

тақырыптары

п/п

ҒЗЖ орындалатын тақырыптар атауы

Орындауға жауапты

 

Фундаментальды

1

ҒЗЖ меслекеттік бюджеттік тақырып Б-11-04-07: «Көлік пен өндірістегі қазіргі заманғы экологиялық технологиялар және мониторинг».

 

1 Этап. Өнеркәсіптік кәсіпорындарынан шыққан ақаба суларды тазалау үшін гуминді заттар негізінде сорбенттер алу технологиясын жасау.

 

 

2 Этап.  Мұнай-химия және мұнай өңдеуші өнеркәсіптің ағынды суларды тазарту жүйелерін кешенді жаңғырту.

 

 

3 Этап. Оңтүстік Қазақстандағы полиметалды, фосфорқұрамды және қорғасын-мырыш қалдықтарынан лантан, церий және неодивты биологиялық сілтілендіру әдісін жасау

 

4 Этап. «Биогаз, ақуыз-дәруменді концентратын және биотыңайтқыштардың ауыл шаруашылық қалдықтар негізінде биомасс өңдеудің жаңа технологияларын жасау»

 

5 Этап. Табиғи және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу үшін экологиялық инженерлік және геотехникалық талдау және оңтайландыру жүйелерін ғылыми негіздерін жасау

 

6 Этап.  Жүзеге асыру үшін ұсынылған, жобаларды инновациялық және экологиялық бағалау ортақ әдістемесін әзірлеу

 

т.ғ.к., доцент    Исаева Р.А                  х.ғ.к., доцент Каримсаков К.Е.

 

 

 проф. Бахов Ж.К., б.ғ.д. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

 

проф. Бахов Ж.К., д.б.н. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

 

проф. Бахов Ж.К., д.б.н. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

 

проф. Бахов Ж.К., д.б.н. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

Ибраев Т.Н.

 

проф. Бахов Ж.К., д.б.н. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

 

проф. Бахов Ж.К., д.б.н. Исаева А., т.ғ.к., профессор Исаева Р.,

х.ғ.к., доц. Каримсаков К.Е.

Ибраев Т.Н.

Исаева Р.А.

Байбатырова Б.У.

 

Қолданбалы

 

Оңтүстік Қазақстандағы полиметалды, фосфорқұрамды және қорғасын-мырыш қалдықтарынан лантанды, церийды және неодивты биологиялық сілтілендіру әдісін жасау

Исаева А.У.

 

Макроскопиялық жіп тәрізді жасыл балдырларды пайдалана отырып ластанған суды тазарту әдістерін жасау

Исаева А.У.

 

ЖШС ПҚОП компаниясында мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған бетондалған беттерін және сызаттар микробиологиялық тазарту жолдарын жасау

Исаева А.У.

 

Мұнай өңдеу зауытының аумағында өсімдіктердің өсуін қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды әзірлеу

Исаева А.У.

Кафедрада өтетін ізденіс және инициативті ғылыми-зерттеу  жұмыстар:

  1. Бедері күрделі  қалада  транспорт құралдарының  қозғалысының тиімділігін және экологиялық қауіпсіздігін арттыру әдістемесі. (Бахов Ж.К.)
  2. Ластаушы заттардың  су ортасында түрлі төтенше жағдайда таралу процестерін  бағдарламалық өнімдерін және математикалық модельдерін зерттеу және жасау. (Шакиров Б.С.)
  3. Жаңа дәрілік заттарды өндірудің  шикізат базасының потенциалды компоненттерін – Оңтүстік Қазақстан эндемик-өсімдіктерінің құрамындағы ауыр металдарды экологиялық атласын жасау. (Каримсаков К.Е.)
  4. Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағының ауыр металдармен ластануын  биоиндикациялық өсімдіктерді пайдалану арқылы зерттеу және бағалау. (Сихынбаева Ж.)
  5. Мұнаймен ластанған  топырақты рекультивациялау технологиясы мен әдістерін  зерттеу. (Шынгысбаева Ж.)
  6. Жаңа альтернативті  отын түрлерін, сонымен қатар биоотын,  пайдалану және алу  технологиясын жасау. (Шынгысбаева Ж.)
  7. ОҚО қоршаған орта факторларының  кері әсерінің  балалар мен әйелдер денсаулығына әсері. (Изтлеуов Г.М.)
  8.  
  9. Использование    нетрадиционных видов  энергии  и повышение  эффективности  систем электроснабжения. (Туребекова Г.З.)
  10. Влияние  выбросов  предприятий  цементной   промышленности    на  растительность Южного Казахстана. (Исаева Р.)
  11. Модеринизации  технологии  очистки     сточных вод  нефтеперерабатывающих   и нефтехимических предприятий.  (Сатаева Л.М.)
  12. Физико-технические  основы  электрохимических  технологии получения пленок  и наноструктур  оксидов  металлов  многоцелевого  назначения. (Сатаев Л.М.)

12.   Оценка релаксационного воздействия техногенных сбросов на  водные объекты. (Шакиров Б.С.)

13.    Разработка экологического атласа содержания тяжелых металлов в растениях–эндемиках Южного Казахстана -  потенциальных компонентов сырьевой базы для производства новых лекарственных средств. (Каримсаков К.Е.)

14.    Разработка экологического атласа распределения тяжелых металлов в объектах окружающей среды Южного Казахстана. (Каримсаков К.Е.)

15.      Разработка методики и мониторирование экологического состояния водной среды и прибрежных территорий Коксарайского контррегулятора на содержание тяжелых металлов и пестицидов. ( Каримсаков К.Е.)

16.     Разработка методики и мониторирование радиоэкологического состояния объектов окружающей среды Южного Казахстана. (Каримсаков К.Е.)

17.    Разработка и составление территориально-динамического экологического атласа Южного Казахстана по определению потребности сельскохозяйственных и культурных растений и их частей в макро- и микроэлементах. (Каримсаков К.Е.)

 

Кафедра ғалымдары Бишимбаев В.К., Сатаев М.И., Шәкіров Б.С., Сатаева Л.М. француз ЕСО-NET 2006 фондының грант алу байқауны қатысты, Париж, тақырыбы : «Очистка питьевой воды модифицированными адсорбентами». Соңғы 5 жылда кафедрада фундаментальді-қолданбалы сипаттағы ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ГУ таспырысы бойынша,   «Энергоорталық-3» АҚ (Шымкент), Қазфосфат ЖШС ТФ «Минералды тыңайтқыштар Зауыты (Тараз қ.), сонымен қатар ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ГУ таспырысы бойынша «Энергетикалық жүйелерді дамыту мәселелеріндегі қоршаған ортаның  аэрозольдармен ластануын тіркеу» тақырыбына  ғылыми-зерттеу жұмысы 2012 жылдан 2014 жыл аралығында 6 ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды.

  1. Студенттік ғылым.

Институт  (кафедра)  қызметін талдау. Даму перспективаларымен СҒЗЖ бойынша

«Экология» кафедрасының 2014-2015 оқу жылының студенттерінің  ғылыми жұмыстарын  ұйымдастыру жоспары жасалды.

2014-2015 оқу жылына «Экос» студенттік үйірмесінің жоспары  жасалды.

 

 

5. Халықаралық қатынастар

Жалпы оқыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігі, оқу –әдістемелік жұмысты жетілдіру, ғылыми –педагогикалық кадрлардың санатын эоғарылату үшін «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасы келесі ЖОО  қатынас орнатқан: Гамбургтің қолданбаоы ғылымдарынығ  Жоғарғы мектебі, Бауман атындағы МГТУ, Т ГУ (РФ), СПбГТИ(ТУ), с МГУ ИЭ(РФ), с ИГХТУ(РФ), с РХТУ им. Менделеева (РФ).

Универиситетте тұрақты түрде жақын шет ел мемлекеттерінің ғалымдары дәріс оқып тұрады. 2011жылдың қарашасында Д.И.Менделеев атындағы РХТУ  профессоры Сметанников Ю.В. и Пуртова Е.Е. кафедра студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды. 2012 жылы көктемде Гарвард (АҚШ) иммунды аурулар институтының PhD докторы Бартенева Наталья және Солтүстік- Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар  университетінің (Швейцария) PhD докторы Елизавета Фаслер-Кан кафедра студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды.

Академиялық ұтқырлық

«Экология» кафедрасы студенттері халықаралыө стипендиялар мен гранттар байықауын белсенді түрде қатысады – ҚР Перзидентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы, DAAD (Германия), Индия, Турция, Малайзия, Қытай үкіметтерінің, IАESTE стипендиялары. ХТ-09-4ра топ студенті   Баимбетова  Жанара IАESTE бағдарламасы бойынша Германияда практикалық оқудан 2012 жылдың мауысмнана қыркүйек айларының аралығында өтті. Жапониялық магистрант Наоки Китамуро 2012 жылы қыркүйек пен қараша аралығында IАESTE бағдарламасымен  кафедрада стажировкадан өтті. 2012 жылы қыркүйекте IАESTE бағдарламасы бойынша тунистан 5 курс студенті Сара Дейли ғылыми стажировкадан өтті. Жыл сайын бітіруші курс магистранттары міндетті түрде шетелдерде стажировкадан өтеді. 

Сапарова Ақмоншақ 2013-2014 оқу жылында Францияда Нанси қаласында сынақ мерзімінен өтті.

«Экология» кафедрасында 6.08.2014-24.09.2014 ж. аралығында стажировкадан Чеш техникалық университетінің доктаранты Томас Ламбурд.

Стажер докторант  Томас Ламбурда «Экология» кафедра оқытушыларымен бірге

Томас Ламбурда өзінің ғылыми зеттеу жұмысын орындау барысында

Томас Ламбурда «Экология» кафедрасының студенттерімен

1.«Экология»  кафедрасының  ХТ-13-4к1  тобының студенті Мұғал Ақерке      2015-2016 оқу жылының   көктемгі семестрінде Астана қаласындағы  «Қазақ технология және бизнес»  университетінде студенттердің ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келді.Ол жақтағы оқу жылында студенттемен өзара тәжірбие алмасып,  “Барлық әрекетіміз орта тазалығы үшін” атты конференцияда 3-орын иленіп, «Белсенді студент» номинациясымен марапатталды.

2. Юлдашева Сафина- Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғарғы мектебінің  Экология  мамандығының  3 курс студенті Польшадағы Краков қаласында Ауылшаруашылық университетінде  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  23.02.2016 -1.07.2016  жылдыңаралығында оқып келді.

 Осы қысқа уақытта ол сабақтын бәрін ағылшын тілінде оқып, әлемнің әр жерінен келген студенттерімен дос болды. Европаның мәдениеті мен білім беру технологиясымен танысты. Тағы да ол Европаны аралап, өте көп мемлекеттер мен қалаларды аралап келді.

Біз академиялык ұтқырлық және тағы  басқа ауысу бағдарламалары университетімізге жаксы нәтиже әкелетініне сенімдіміз!

8. Жетістіктері мен марапаттары.

Т.ғ.д.., профессор  Бахов Ж.К.(2007ж.), т.ғ.д., профессор Шакиров Б.С. (2009ж.) және  доцент, т.ғ.к.. Сатаева Л.М. (2010ж.), п.ғ.к. Сихымбаева Ж.С. (2013ж.), т.ғ.к., доцент Туребекова Г.З. (2013ж.)  ҚР БҒМ  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанды.

Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.к. Сихынбаева Ж.С. жоғары оқу орындарында инновациялы әдістерді дамытудағы ғылыми жетістіктері үшін Ресейдің жаратылыстану ғылымдарының профессоры атағына ие болды (2013ж.).

2008жылы 050608-Экология білім беру бағдарламасы ASIN (Германия) халықаралық агенттігінде  аккредитациядан өтті. Бакалаврлар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстанның, РФ, жақын және алыс шетелдердегі жетекші ЖОО академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша оқиды.

PDOException: SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away: SELECT 1 AS expression FROM {variable} variable WHERE ( (name = :db_condition_placeholder_0) ); Array ( [:db_condition_placeholder_0] => cron_last ) in variable_set() (line 992 of /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc).

Uncaught exception thrown in shutdown function.

PDOException: SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away: DELETE FROM {semaphore} WHERE (value = :db_condition_placeholder_0) ; Array ( [:db_condition_placeholder_0] => 130725794357e8c82762b9a7.59118516 ) in lock_release_all() (line 269 of /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc).


Fatal error: Uncaught exception 'PDOException' with message 'SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away' in /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc:2171 Stack trace: #0 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(2171): PDOStatement->execute(Array) #1 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(683): DatabaseStatementBase->execute(Array, Array) #2 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(2350): DatabaseConnection->query('SELECT expire, ...', Array, Array) #3 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc(167): db_query('SELECT expire, ...', Array) #4 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc(146): lock_may_be_available('schema:runtime:...') #5 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc(433): lock_acquire('schema:runtime:...') #6 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc(455): DrupalCacheArray->set(Array) #7 [internal func in /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc on line 2171