«ECOCENTER-CONSULTING»

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Экология» кафедрасының ұжымы дуальды оқыту бойынша серіктесі - «ECOCENTER-CONSULTING» ЖШС-ін Қазақстан Республикасының ұлттық бизнес-рейтингтегі керемет жеңісімен құттықтайды.

 Ұжымның  қажырлы еңбегінің, мақсаттылықтың және күш қуаттылықтың  арқасында жеңіске жеттіңіздер, сондықтан бұл жетістікпен тоқтамаңыздар! Барлық кедергілерді жеңе отырып, алға қарай сенімді қадам басып, жаңа мақсаттар мен үлкен жеңістерге жетулеріңізге тілектеспіз!