Дуальды оқыту

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне (30.06.2015 жылғы №13 хаттама) сәйкес университеттің 2015-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары, инновациялық білім беру бөлімі «Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын өндіріс орындарымен және ұжымдармен дуалды жүйемен оқыту» бойынша бірінші рет тәжірибе негізінде білім беру бағдарламасын ендіру туралы шешімі бойынша 5В075300 – «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне 2015-2016 оқу жылында дуалды оқыту жүйесі ендірілді.

Дуалды оқыту жүйесін ендіру үшін серіктес кәсіпорын ретінде ЖШС «Стандарт Цемент» зауытымен келісім-шарт түзілді.

2015-2016 оқу жылында ЖШС «Стандарт Цемент» зауытында дуалды оқыту жүйесі бойынша ХТ-13-7дк1, ХТ-13-7дк2 топтарындағы (3 курс) келесі пән сабақтары жүргізілді: «Жұмысшы мамандақтары бойынша практикум» және «Тұтастырғыш заттардың химиялық технологиясы».

2016-2017 оқу жылында осы топтарға (4 курс) келесі пән сабақтары жүргізілді: «Тұтастырғыш заттардың арнайы технологиясы», «Жобалау негіздері және зауыттағы құрал-жабдықтар» және «Өндірістік іс-тәжірибесі».

Өндірістегі сабақ жүргізуді жетілдіру мақсатымен дуалды жүйе бойынша Ереже дайындалды, сонымен қатар, ХТ-13-7дк1, ХТ-13-7дк2 топтарындағы студенттермен және олардың ата-аналарымен дуалды жүйе бойынша оқуға қарсы еместігі жайында келісім алынған. Алдын-ала техника қауіпсіздігі туралы іс-шаралармен таныстырылып, қауіпсіздікті сақтау туралы дәрістер жүргізілді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ және ЖШС «Стандарт Цемент» зауытымен жүргізілген келісім-шарт негізінде зауыт базасында «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының Оқу-ғылыми-өндірістік кешен бар. Кешенде студенттер үшін арнайы кабинет дайындалып, сабақ өткізуге толық жағдай жасалынған. Сонымен қатар, зауыт лабораториясында зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Өнідірістік іс-тәжірибе кезінде студенттер ЖШС «Стандарт Цемент» зауытының басқару жүйесімен, өндірістік технологиясымен, құрал-жабдықтар және шикізат материалдарымен танысып, іс-тәжірибе есебі жасалынды.