Декан кубогы

20.04.2019ж. күні «Буревестник» спорт кешенінде Рухани жаңғыру бағдарламасына орай «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор оқытушылар құрамы және студенттері арасында кіші (мини) футболдан декан кубогы чемпионаты өтті. Жарысқа жалпы 7 команда қатысты.

1. Университеттің ардагер ойыншыларынан құралған «Академик КАЗХТИ» құрама командасы.

2. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор оқытушылар құрама командасы.

3. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің түлектері қазіргі таңда магистратурада білім алып жүрген «Қыран» командасы.

4. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің түлектері «Consulting» командасы.

5. Экология мамандығының студенттерінен құралған «Эколог» командасы.

6. Металлургия мамандығының студенттерінен құралған «Металлург» командасы

7. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің белсенді студенттерінен құралған «Белсенділер» командасы.

Чемпионаттың нәтижесі:

І орын:  Декан кубогының 2-дүркін иегері«Қыран» командасы

ІІ орын: «Металлург» командасы
ІІІ орын: «Эколог» командасы

Чемпинаттың үздік ойыншысы: Ишалиев Талғат
Чемпинаттың үздік сұрмергені: Есқара Абай
Чемпинаттың үздік қақпашысы: Мұстафаев Қамбар