«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының тәрбие жұмысының орындалуы

19.04.2019ж. «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасындағы ХТ- 16-7к тобының 3 курс студенттері мен тәлімгер Курбанбаев М.Е. үйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» - «Керамиканың даму тарихы» атты тақырыпта дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.

Жүргізушілер: Шалхар Қанат,  Әбілханова Еңлік

Студенттер арасына белсене қатысқандар: Байгалиев Адиль, Құралбек Жанна, Пернебай Жансерік, Слам Айкен, Тұрдахметова Жанерке, Бакирова Айжан, Қыдырбек  Сұлтан.

Іс-шара жүргізу барысында «Керамика – қыштан керамикалық бүйымдар жасау өнері» туралы әңгіме жүргізілді, студенттер Пернебай Жансерік, Слам Айкен керамикалық бүйымдарды алу процессін көрсетті, Тұрдахметова Жанерке -екі бейнероликті дайындады.

Ал біздің керамикалық бұйымдар өндірісінің даму тарихын білу, керамикалық бұйымдарды пайдалану, оларды құрылыста қолдану, медицинада, ракета құрылысында, изоляторлар шығаруында пайдалану, ары қарай өндірістерді дамыту –бұл ұлы даланың қырларының бірі екендігін айтуга болады.

Іс-шараның соңында сөз кафедра доценті, техника ғылымдарының кандидаты Дубинина Е.С., кафедра аға тәлімгері Джумабаева Г.М. берілді.

2018 жылы 02 қарашада  М. Ауезов атындағы ОҚМУ -де  «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасында «Академик С.Т.Сулейменов – силикат ғылымы саласындағы біртуар  дара тұлға» атты тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада аға тәлімгер Джумабаева Г.М. мен топ тәлімгері Дубинина Е.С., ХТ-15-7р, ХТ-15-7ка, ХТ-15-7к ,4-ші курс студенттері белсенді қатысты.


  


Менің отбасым – менің байлығым

         2016 жылдың Қазан айының 28 жұлдызында № 6 жатақханада Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасы «Менің отбасым- менің байлығым» атты іс-шара өткізді.Отбасы қуатты болса ел қуатты болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген.Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай Ө.П. мырза және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің жоғары білікті маманы, психолог Байырова А. сөз сөйлеуде ХТ-14-7к,ка тобының студенттері


«Жігіт сұлтаны» байқауы

        2017 жылы сәуір айының 25 жұлдызында Химиялық инженерия және Биотехнология жоғары мектебінде студенттер арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы болып өтті. Байқауға «Цемент керамика және шыны технологиялары» кафедрасынан ХТ-16-7к тобының студенті Туркеев Дулат қатысып, І жүлделі орынды иеленді.

     


Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

2017 жылғы мамыр айының 15 жұлдызында «Цемент керамика және шыны технологиялары» кафедрасында Ұлы Отан соғысы жеңісіне 72 жыл толуына орай «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат болып өтті. Тәлімгерлік сағатта кафедрада қызмет атқарған соғыс ардагерлері техника ғылымдарының кандидаты, профессор Анатолий Александрович Балакирев пен техника ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Григорьевич Рухлин еңбектері, соғыс кезіндегі ерліктері еске алынды. Бұл іс-шараның мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұстаздардың, магистрант және студенттердің санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, жастарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.

                     

Балакирев Анатолий Александрович              Рухлин Николай Григорьевич  

   

     


«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының тәрбие жұмысының орындалуы

Кафедраның барлық академиялық топтарында тәрбие жұмыстары, М.Әуезов ат. ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментімен бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын ойдағыдай атқарып отырады. Апта сайын кафедраның академиялық топтарының жұмыс жоспарына сай тәлімгерлік сағаттар өткізіледі.

Курс

Тобы

Топ басшылары

Тәлімгерлер

1

1

ХТ-17-7к

Минайдар Б.Е. Қалыбаева М.И.

2

1

ХТ-17-7р

Васечко Н.В Қалыбаева М.И.

3

2

ХТ-16-7к

Тленчиева А.С. Күлмаханова А.Ш.

4

2

ХТ-16-7р

Дулатова Л.Э Айтулова Ж.М.

5

3

ХТ-15-7к

Шаймерденова П.З. Естауова А.А.

6

3

ХТ-15-7ка

Пасекова А.Б. Құрбанбаев М.Е.

7

3

ХТ-15-7р

Суздалева М.Е. Дубинина Е.С.

8

4

ХТ-14-7к

Сабет Ж.Қ. Жакипбаев Б.Е.

9

4

ХТ-14-7ка

Зұлпықар З.Қ. Джумабаева Г.М.

     Мұражайға шолу

Кафедраның бірінші курс студенттері мен топ тәлімгерлері бірігіп университетпен таныстыруы және мұражайға баруы.

    

Сенбілік Университет аймағын тазалау және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізілді. Кафедра оқытушылары мен студенттері арасында әр жұма сайынғы ұйымдастырылатын сенбілікке қатысуда.

      

Арнау кеші Бүгінгі таңда 1 курс студенттерін университет қатарына қабылдап ережелермен таныстырылып, топ басшылары сайланды. 12.10.2017ж Бас ғимараттың акт залында 1 курс студенттеріне арналған үлкен іс-шара «Арнау кеші» ұйымдастырылды.

                 

«Қызықты көңіл, студенттік өмір»

2017 жылдың қараша айының 16-күні №6 жатақханада «Цемент,керамика және шыны технологиялары» кафедрасының аға тәлімгері Күлмаханова Ақжібек Шәкімаралқызының ұйымдастырылуымен ХТ-16-7к тобының студенттері «Қызықты көңіл,студенттік өмір» атты іс-шара өткізді. Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.

Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.


«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік!»

13 желтоқсан 2017жылы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік!» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта Тәуелсіздік тарихымен таныстырылды, баяндамалар тыңдалды. Университеттің аға тәлімгері Бейсенов С.Д. және «ХИжәнеБ» жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай О.П сөз сөйледі. Іс-шарада сазды әуендер шырқалып, студенттер «Қайраттың хаты» атты көрініс көрсетіп, бишілер әсем биін ұсынды.

 


"Асыл АНА"

         2018 жылдың 5 наурыз күні «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Асыл ана" тақырыбында ХТ-15-7к тобының студенттері және топ тәлімгері Естауова А.А. және аға тәлімгер Күлмаханова А.Ш. ұйымдастыруымен ашық тәлімгерлік сағат өткізілді.

          Ашық тәлімгерлік сағатқа «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай О.П., кафедра меңгерушісі Айтуреев М.Ж. және кафедраның профессор-оқытушылары қатысты.