Б.Е. Серікбаевтың 60-жылдық мерейтойына арналған мини-футболдан турнир

«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының доценті Серікбаев Болатжан Ермаханұлының 60-жылдығына орай мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирде Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мекетебінің оқытушыларынан және студенттерінен тұратын командалар қатысты. Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.