Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады

28.11.2017 ж., сағат 10-30 акт залында  «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 6 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан ашық есік күні өтті. Бағдарлама негізі мектеп оқушыларының қатысуымен болып жатқан іс-шара, Сол себепті  № 72, 77,  88 мектеп басшыларына және белсенді қатысып отырған мектеп оқушаларына алғысымызды білдіреміз.

Мақсаты: Оқушыларды, колледж түлектерін жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.

Міндеті: - мектеп, колледж  бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;

- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;

- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.

Күтілетін нәтиже:

Мектеп, колледж бітіруші түлектердің тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласын таңдау жасауы.