«Ашық есік күні»

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «Химия және химиялық технология » кафедралары ұйымдастырумен  2017 жылы  қарашаның 21 жұлдызында   «Ашық есік» іс-шарасы өтті. Бұл  іс-шараға қаламыздың 30 орта  мектептерінің «Химия» пәнін таңдаған 11 сынып  оқушылары қатысты.

Іс-шараны  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректоры т.ғ.д., профессор Сабырханов Дархан Сабырханұлы ашып, сөз алды: Сіздер үлкен өмір табалдырығын аттап, мамандық таңдау сәтінде тұрсыздар. Мәртебелі мамандық, жеке өзіңізбен қоғамның баға жетпес байлығы деп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі техникалық  мамандықтарды меңгеруге көмек беруге әзір деп, мамандықтар туралы айтып өтті.

«Химиялық инженерия және биотехнология» ЖМ деканы т.ғ.к.,доцент А.Ә.  Болысбек, «БЗХТ» кафедра меңгерушісі Г.М. Сейтмагзимова , «БЗХТ» профессорлары  Ү.Бестереков, Қ.Т. Жантасов, М.С.Сатаев сөз сөйлеп, елімізге химия саласынан мамандықтар керек екенін, бұл мамандықтардың болашағын, осы мамандықтарды бітіріп жетістіктерге жеткен ғалымдарымызды, әріптестерімізді атап айтып өтті. Кафедраның МП-16-1а  тобы магистранты Жанбосынова Жібек  пен ХТ-14-1а тобы студенті Жанатай Ақмарал Чехия қаласындағы технологиялық университетте семестр оқып , біліктіліктен арттырып келгенін айтып, химия саласын өте ұнататынын айтып өтті.Оқушылар  түйіндеген сұрақтарын беріп, пікірталас болды.

Іс-шарада жастардың жан тебірентер әсем әндері мен көз тоймайтын билері, «Көңілділер мен тапқырлар»  көріністерімен   бітірушілерді  күлдіріп ,көңілдерінен шықты. Кафедраның 312 А  зертханасында және 308А зертханасында студенттер таңғажайып тәжірибелерін көрсетіп, оқушылыарды қызықтырды.

«Ашық есік» іс-шарасы - өте маңызды іс-шара. Біріншіден, бұл- отандық білім беру саласына қосылатын үлес, ал екіншіден, Қазақстанда болашақта химия мамандықтары бойынша кадрлық потенциалды қалыптастыру.