"Ашық есік күні"

2017 жылыдың 29 қарашасында Химиялық инженерия және Биотехнология жоғары мектебінің «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының ұйымдастыруымен А ғимараты 127 ауд. «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Ашық есік күнін өткізу барысында кафедраға бекітілген мектептер және ПОҚ құрамының тұрғылықты мекен жайы бойынша мектеп бітірушілері шақырылды. Ашық есік күніне кафедраның құрамы толығымен және студенттер, магистранттар белсенді қатысты. Бұл өткізілген Ашық есік күнінің артықшылығы бұрынғыдан қарағанда болашақ талапкерлерге 5B075300 - «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы туралы толық мәлімет жеткізілді. Атап айтқанда студенттер, магистранттар, жетекшілерімен бірге ғылыми жұмыстары бойынша баяндама және химия-физика пәндері бойынша ғылыми тәжірибелер көрсетілді. Cөз сөйлегендер Сабырханов Д.С., Айтуреев М.Ж., Есимов Б.О., Худякова Т.М., Таймасов Б.Т., Әбеков Қ., Қамбатыров М., Минайдар Б., Васечко Н., Тленчиева А., Турсынали Н., Исабаева К., Сейдахметова М.

Негізгі іс-шара біткен соң мектеп бітірушілерін кафедраның заманауи зертханаларымен таныстыру мақсатында экскурсия және студенттер мен магистраттардың ғылыми жұмыстары көрсетілді.