«Абайдың қара сөздерінің мәні»

«Абайдың қара сөздерінің мәні»       

        2019 жылдың 18 қараша күні «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл (1845-1904) «Абайдың қара сөздерінің мәні» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өтті.

        Ашық тәлімгерлік сағат ХТ-16-1к2 тобы студенттерімен - топ тәлімгері т.ғ.к., доцент Ш.Т.Кошкарбаева және ХТ-18-1к тобы студенттерімен - топ тәлімгері аға оқытушы Қ.Б.Аманбаеваның ұйымдастыруымен жүргізілді. Ашық тәлімгерлік сағатқа жоғары мектептің ОПҚ қатысты. Ашық сабақты ХТ-16-1к2 тобының студенті Акимова Құралай баяндамасымен бастап, Абай Құнанбаевтың өмір баяны жайында видеоролик көрсетілді. Екі топ студенттері ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқып, тәлімгерлік сағатқа қатысып отырғандарды Абайдың қара сөздерінің адамгершілік тәрбие беруге және қазақ халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақыратындығы туралы тәрбиелік мәнін түсінуге шақырды.

     

    «Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол» атты семинар-тренинг

        2018 ж 6-7 желтоқсан аралығында Астана қаласында Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ХТ-16-1р тобының студенті Асанова Ж.К «Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол» атты семинар-тренингіне қатысып, оқу курсынан өткені үшін сертификат алды.

                                                                                         

Мерейлі отбасы сайысы 1 наурыз күні өтті. Ол сайысқа «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасынан Тілеуовтар отбасы Тілеуов А.С және Тілеуова С.Т қатысты.

ХТ-18-1к, ХТ-18-1а тобы және тобының тәлімгері Аманбаева К.Б 8-наурыз аналар күніне арналған «Асыл ана» тақырыбында ашық тәлімгер сағатын № 6 жатақханада өткізді.

  

 

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. БЗХТ аға тәлімгерлері А.С.Таубаева, Қ.Аманбаева ұйымдастырумен 2 курс ХТ-17-1к,1а және 1 курс ХТ-18-1к,1а топтары қатысты. Бұл іс шарада   өнерлі студенттері ән айтып, би билеп, өлең жырларын арнады, сонымен бірге, әртүрлі ойындар ойнатылып, өз өнерлерін көрсетті.

  


«БЗХТ» кафедрасының аға тәлімгері Т.Т.Тлеуов, аға оқытушы С.Е.Жулдызбаева және 3 курс ХТ-15-1к тобының студенттері және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және Жастар саясаты департаменті,  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері.


«Менің таза – оқу орным» атты сенбілікке аға тәлімгер Т.Т.Тлеуовпен  "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасында оқитын студенттер,  топ тәлімгерлері (А.А.Қадірбаева, Ғ.Ә.Қамбарова және т.б.) әр жұма сайын кесте бойынша шығуда.

  


2016-2017 оқу жылында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Химия инжерения және Биотехнология» жоғары мектебінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында ұйымдастырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – менің Қазақстаным» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта тәуелсіздігіміз жайлы баяндамалар, видеороликтер мен патриоттық әндер тыңдалды. Ашық тәлімгерлік сағатта университет аға тәлімгері С.Д. Бейсенов және «БЗХТ» кафедрасының аға тәлімгері А.Д.Қыдыралиева сөз сөйледі. Іс-шарада сазды әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермендерге әсем биін ұсынды.