1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара

2018 жылдың қыркүйек айының 3 күні сағат 10:00-де «Қызғалдақ» су бұрқағында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түскен 1-курс студенттеріне арнайы 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Салтанатты іс-шараға «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысты. Дәстүр бойынша жаңа оқу жылына 1-курс студенттеріне салтанатты түрде Білім кілті мен Студенттік билетті университетіміздің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы табыстапқұттықтау сөз сөйледі және соңы концерттік бағдарламамен ұласты.