1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара

Қыркүйектің 4 күні сағат 10:00-де «Қызғалдақ» су бұрқағында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түскен 1-курс студенттеріне арнайы 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Дәстүр бойынша жаңа оқу жылына 1-курс студенттеріне салтанатты түрде «білім кілті» мен «сынақ кітапшасын» университетіміздің ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы табыстады.

Шараның жалғасы «А» ғимаратының 127 ауд. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектеп администрациясы, кафедра меңгерушілері және топ тәлімгерлерін таныстыруымен жалғасты.

Кездесу барысында жоғары мектеп деканы Болысбек А.Ә. 1-курс студенттеріне ізгі ниет-тілегін білдіріп, студенттерге алдағы оқу жылдарында үлкен табыстар, жақсы жетістіктерге жетуін, оқуда озат болуын тіледі сонымен қатар университеттің ішкі және сыртқы тәртібімен таныстырып өтті. Кездесу соңында кафедра меңгерушілері таңдаған мамандығына түскен студенттерді болашақ оқу орнымен және кафедра тіршілігімен таныстырды.