Жетістіктер және жүлделер

Қазіргі уақытта “Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы” кафедрасы ОҚМУ жетекші кафедраларының бірі болып табылады. Оқу процесінде және ғылыми-зерттеу қызметінде кафедра өз қызметін бірнеше жылдар бойы университетте көшбасшылық ұстанымдарға ие.

      Кафедра 5В072100, 6М072100, 6D072100 – “Органикалық заттардың химиялық технологиясы”, 6М073900 – “Мұнайхимия” мамандықтары бойынша бакалавр, магистр, PhD докторларын дайындайды. Білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері жұмыс берушілердің талаптары мен өтініштерін ескере отырып, қалыптастырылады. Бүгінгі күні таңда кафедра үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, әр түрлі көздерден қаржыландырылатын 6 жоба жүзеге асырылуда. Осыған байланысты көптеген студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі конференцияларға қатысады және олар жүлделі орындар алады. Кафедраның материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп, дамып келеді. Зертханалар соңғы жабдықтармен және құралдармен жабдықталған. Бұған «ПетроҚазақстанОйл Продакс» ЖШС («ПКОП» ЖШС), «Экошина» ЖШС-нің демеушілігі маңызды рөл атқарады.

      2017 жылы кафедрада 3 докторлық, 2 магистрлік диссертация және 4 магистрлік жоба қорғалды.

      Кафедра студенттері халықаралық, республикалық және аймақтық  өңірінде болатын конкурстар мен конференциялардың жеңімпаздары, патент авторлары.

Биыл 2017 жылы 1 маусымнан 14 маусымға дейін Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарының 30 студенті Жазғы мектепке қатысты: Алматы технологиялық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (АРГУ), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. Шақырылған оқытушы - Прага химиялық технология институтының профессоры Элишка Выскочилова.

Білім беруде  сапаны қамтамасыз ету  Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің бағдарламалы рейтингісі нәтижесінде барлық деңгейдегі  білім беру бағдарламасы ел бойынша ТОП-3 құрамына енді:

Органикалық заттардың химиялық  технологиясы

Бакалавриат 5В072100

Бакалавриат 5В072100

Аккредиттеу және рейтинг Тәуелсіз агенттігінің нәтижесі бойынша «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы барлық деңгейде  ТОП-3 құрамына енді:

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Бакалавриат

5В072100

3 орын

Магистратура

6М072100

2 орын

Докторантура

6D072100

2 орын

Кафедра өмірінде халықаралық аккредиттеуден ASIIN неміс агенттігінде өту маңызды кезең болды. Білім бер бағдарламасының түлектері дипломмен бірге еуропалық үлгідегі қосымша алады.