Жетістіктер және жүлделер

«Биотехнология» кафедрасы бойынша 2016-2017 оқу жылы бойынша ішінде жоспарланған перспективті және жылдық жоспар толығымен орындалды. Кафедра бойынша 2015-2017 жылы қаржыландыратын 4 жобаның жұмысы жүргізілуде, оның ішінде 3 жоба 2015-2017 жылдарға қаржыландыратын ғылыми жобалар байқауының нәтижелері бойынша, 2 жоба Erasmus plus, Erasmus Mundus Action 2 “Silkroute” халықаралық бағдарламасының нәтижелері бойынша алынған.

Кафедрада екі оқытушы х.ғ.к., профессор Ш.Б.Тасыбаева, х.ғ.к., доцент А.М. Есимова 2016 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері атанды.

Т.ғ.д., профессор Кедельбаев Б.Ш., “Биотехнология” кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Сапарбекова А.А., т.ғ.к., доцент Мамитова А.Д. Малазиялық университетпен бірге (UNIMOL) жоба консорциумы   Европа (ИТ, CR, SK), Орталық Азия (KG, KZ) и Қытай (CN) университеттерімен серіктестікте тұратын халықаралық жобасына қатысты.

Жыл сайын Студенттердің ғылыми жұмыстары университет және республикалық деңгейде марапатталады. 5B070100- Биотехнология мамандығының студенттері академиялық мобильділік бойынша Чехии, Польша елдерінде білім алды.

Кафедрада ОПҚ ҒЗЖ нәтижелері бойынша 2016-2017 оқу жылында 140 мақала жарияланды, олардың ішінде  импакт-факторы бар басылымдарда 15 мақала, депонирлеуге 4 оң қорытынды алынды, өнер табысына 4 патент, электронды оқулықтарға 10 сертификат, ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласында бақылау бойынша комитетпен ұсынылған 30 мақала, конференциялардағы мақалалар: алыс және жақын шетелде– 30, ҚР халықаралық конференциялары – 35, Республикалық және аймақтық - 23.

12 маусым және 19 маусым аралығында Жазғы мектеп жұмысы басталады: Биотехнология: процестер мен зерттеулер, онда 1,2,3-х курстардың   студенттері қатысады, сонымен қатар, кафедра ОПҚ және шетелдік дәріс беретін оқытушылар болады.  2017 жылдың 30 мамыр мен 10 маусым  аралығында Erasmus Mundus plus жобасымен бірге Италияндық қатысушыларымен ұйымдастырылған  семинарға кафедра меңгерушісі Сапарбекова А.А. мен студенттер қатысады. Әртүрлі елдер серіктестерімен үш рет 2017 және 2018 жылдарда  жоспарланған жаздық мектептерге ерекше қызығушылық танытуда. Біздің ұсынысымыз бойынша жазғы мектептерге магистранттар мен докторанттар, бакалаврлар қатысуы жоспарлануда. Сонымен қатар, бірлескен зерттеулер жоспарын талқылау кезінде бізбен топырақты тазарту және оның өнімділігін жоғарлатудың биотехнологиялық әдістерінің негізгі іс-шараларын енгізу  ұсынылды.   

 «Биотехнология» кафедрасының ОПҚ-ның оқу үрдісіне енгізілетін актілер саны 17 құрайды.

Студенттердің кәсіби іс-тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін   мекемелермен  келісім шарт жасалған


Доценты кафедры «Биотехнология» Есимова А.М., Тасыбаева Ш.Б. «Лучшие преподаватели вуза, 2016г»

Доценты кафедры «Биотехнология» Есимова А.М., Тасыбаева Ш.Б.  получили  звание лучший преподаватель вуза, 2016 ., Есимова А.М. получила звание в номинации «Лучший доцент вуза», 2016г.

 

«Биотехнология» кафедрасының доценттері Есимова А.М., Тасыбаева Ш.Б. 2016 жылдың ең үздік оқытушылары»

«Биотехнология» кафедрасының доценттері Есимова А.М., Тасыбаева Ш.Б. 2016 жылдың ең үздік оқытушысы атағын алды және Есимова А.М. оқу орнының үздік доценті атағын алды.


«Биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Айменова Ж.Е. докторлық диссертациясын қорғады»

2016-2017 оқу жылы «Биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Айменова Ж.Е. докторлық диссертациясын қорғап, оған РhD доктор атағы берілді.

Резолюция

 

2019 жылдың 27 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Эразмус + бағдарламасының «Enhancing competition of sustainable waste management in Russian and Kazakh HEIs/EduEnvi» жобасының шеңберінде жетекші университеттермен (ӨльөФараби атындағы ҚазҰУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ., ҚМПИ, Тұңғыш Президент Б. Ельцин атындағы УрФУ вебинар жургізілді. Әр университет өндіріс кәсіпорындарының өкілдерін, сондай-ақ студенттерді қауіпсіз қалдықтарды жою мәселелерін шешуге шақырды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ұйымдастырушылары - Муталиева Б.Ж., Парманқұлова П.Ж., Джакашева М.А., Мадыбекова Г.М., Сапарбекова А.А., Лесбекова С.Ж. ХT-17-5k2 және ХT-16-5p топтарының студенттері вебинарға белсене қатысып, қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін шешуге өз бастамаларын ұсынды.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қауіпсіз кәдеге жарату мәселесі әрқашан маңызды экологиялық проблемалардың бірі болды. Қазіргі уақытта Қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану маңызды міндет қойылып отыр.  Қазақстанда 45 миллиард тоннадан астам өндіріс пен тұтыну қалдықтары жинақталған, олардың тек 5% ғана қайта өңделеді. Қоқыс өңдейтін зауыттарда мұндай үлкен көлемдегі қоқыстар кезінде өңдеу үшін шикізат жетіспейді, өйткені елде қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті жоқ. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеу саласында 500-ге жуық мамандандырылған компания тіркелген. Ең үлкен завод – Астанада жұмыс істейтін және бірге жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын "Алтын-ТЕТ" кешені. Тағы басқа өндірістерді "KazakhstanWasteRecycling" (қағаз және картон), "SAF" (шыны), "КазКаучук" (шиналар және резеңке қалдықтар), WestDala (мұнайы бар қалдықтар, қалдықтарды кешенді басқару), "ПРОМТЕХНОРЕСУРС KZ" және "Промотход" (электрондық қалдықтар) деп атауға болады.

Сондықтан экономиканың тұрақты дамуы үшін экологиялық таза технологияларды енгізу үшін ғылыми-техникалық прогресті пайдалану бірінші дәрежелі мәнге ие болады.

Қазақстанда экологиялық таза өнім өндірушілерге "жасыл" экономикаға өту Тұжырымдамасы аясында арнайы сертификаттар беруді жоспарлап отыр.

 Құжат жаңалықтарының бірі "Жасыл" сатып алу ұғымы болып табылады, олар өнім өндіретін қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыратын болады, мысалы, жол, көпір құрылысында. Қазір әр түрлі жылу оқшаулағыш материалдар көп, әрлеу жұмыстарында қолданылатын материалдар көп.

Қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін іске асыру үшін көптеген бастамаларды іске асыру қажет:

- қалдықтарды басқару жүйесі бойынша білікті мамандар даярлау;

- ҚТҚ-ның барлық үлкен үйінділері бойынша мұқият аудит пен экологиялық мониторинг жүргізу және оларды қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау;

- ҚТҚ жұмыс, қайта өңдеу және сақтау стандарттарын жаңарту;

- қалдықтарды қайта өңдеуді қалдықтарды өндіруші кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс;

- қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың салықтарын төмендету.

ХІ Студенттік Республикалық пәндік олимпиада табысты өтті

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда студенттерге берілетін білімнің сапасын,   білім алушылардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде.  Солардың ішінде студенттер арасында өткізілетін пәндік олимпиаданың алар  орны айырықша.
Пәндік олимпиада- студенттің білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Ол білім алушының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.

Жылдағы қалыптасқан дәстүрмен  наурыздың 27-28 күндері  Қазақ ұлттық университетінде базалық жоғары оқу орындарында пәндік олимпиаданы өткізу кестесіне сәйкес Биотехнология мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиданың мақсаты  студенттердің кәсіптік шеберлігін көтеру, қабілет-қарымдарының өлшем деңгейін анықтау, ғылым саласына бейімділерді іздестіру, оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасының, шығармашылық байланысының талапқа сәйкестігін дәлелдеу болып табылады.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ биотехнология кафедрасының ХТ-16-5п тобының студенттері  Торебаева Тамила, Қурбаналиева Зульфия және Смайл Жансая ІІІ орынға ие болды. Команданың жетекшісі – Биотехнология кафедрасының аға оқытушы, PhD докторы Джакашева М.А Жеке конкурс бойынша үшінші орынды Төлебаева Тамила иеленді. Зияткерлік жарыстардың барлық қатысушылары мен көшбасшылары арнайы дипломдармен марапатталды.

 

“Химиялық инженерия жәнебиотехнология” жоғары мектебінің “Биотехнология” кафедрасында 4.04.2019 жылы жас ғалымдар арасында  «Ұлы дала жастары – ел дамуының қозғаушы күші» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІІ республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті. Онда «Биотехнология» кафедрасының түрлі топ студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Бірінші орынды ХТ-16-5p тобының студенті Шерова Гаухар,  тақырыбы: «Музыканың түрлі жанрларының бактерияларға әсері» иеленді. Екінші орынды жетекшілері  ХТ-17-5p Лягута Мария мен Уралова Аида иеленді. Ал үшінші орынған академиялық ұтқырлық бойынша келген  ХТ-16-5p тобының студенті Курмашева  Алина мен №82 жалпы орта мектеп оқушылары ие болды.