Іс-тәжірибе базасы

Студенттердің іс-тәжірибесі

Оқу жұмысы бойынша ОҒӨБ шеңберінде "Зерттеу жобасы" пәні бойынша ХТ-14-2к3 топтарында оқитын студенттерге курстық жұмыс бойынша жетекшілік жасалынды – практика жетекшісі "ФеррумВтор"ЖШС спектрофотометриялық зертханасының бастығы Махамбетова Б. А.. "Феррум Втор" ЖШС базасында "Тау ісі негіздері", "Металлургиялық пештер" курсы бойынша ХТ-15-2дк дуалды оқыту тобында тәжірибелік сабақтар өткізілді.Дипломдық жобалау тақырыбын кеңейту және оның маңызды өндірістік мәселелерге барынша жақындау мақсатымен жаңа бағыттарды іздеу негізіндекеңестер жүргізілді. Мысалы: келесі студенттерге дипломдық жұмыстар тақырыптары берілді, "Қорғасын концентраттарын агломерациялай күйдіру", диплом әзірлеуші Әділбай Н..Ә.., ХТ-14-2к3 тобы, "Қорғасын концентраттары мен пеш конструкцияларының шахталық балқыту ерекшеліктері", дипломшы Үшкемпір А. А., ХТ-14-2к3 тобы.Обсуждались дальнейшие перспективы научных работ с привлечением студентов – переработка окисленного медного сырья, возгонов и пылей, содержащих цветные металлы, организации производства алюминиевой катанки.

     2017-2018 оқу жылында "Шымкент Смелтинг" ЖШС жаңа зауытымен шарт жасалды, күзгі семестрде "Ауыр түсті металдар металлургиясы"курсы бойынша ХТ-15-2к, ХТ-15-2р тобында практикалық сабақтар ұйымдастырылды. ХТ-14-2к3 тобының студенттері "Стекло" ЖШС кәсіпорнымен еңбек шартын жасады. Сонымен қатар, "Вольфрам, молибден, ванадий және сілтілі жер металдары негізіндегі ферроқорытпа өндірісі" курсы бойынша ХТ-14-2к3 тобында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

     Кафедра ұжымы сорттық прокаттау және болатты балқыту процесін жетілдіру, сондай-ақ алюминий құю учаскесінің жұмысын реттеу және оңтайландыру, мысты отпен тазарту бойынша кәсіпорынның жаңа жобаларына белсенді қатысады.

 

Іс-тәжірибенің өтуі бекітілген келісім шартқа сәйкес келесідей кәсіпорындарда өтеді: «Кастинг» ЖШС, «Стекло К» ЖШС, «Оңтүстік-Қазақстан химиялық сараптама орталығы» ЖШС, «Югстройпродукт» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы - Қарағанды құйма зауыты, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы - «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі, Құйма-механикалық зауыт, ЖЖФЗ «Казфосфат» ЖШС, «Нуран» ЖШС, «ШымкентСмелтинг» ЖШС,  «Феррум втор» ЖШС, ЖШС «Ертіс сирек жер компаниясы», «Өскемен титан-магнийлі комбинаты» АҚ, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» Мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіп экологиясының «Казмеханобр» бірлестігі РМК филиалы, «Қазхром» ТҰК филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты,  «МШКӨ ҰО» «ШҒЗИТүстімет» РМК филиалы, «Қазмырыш» ЖШС, «Кастинг» ЖШС, Ж.Абишев атындағы Химия-металлургиялық институты ДГП, «РУ-6» ЖШС ТҰК «Қазатомпром», «Орталық» Қазып шығаратын кәсіпорны» ЖШС «Қазатомпром» ТҰК, «Қазақстан алюминийі» АҚ.

Оңтүстік Қазақстан аймағында кадрлардың қажеттілігін анықтау мақсатында кафедра  –  металлургиялық кәсіпорындардың еңбек қорларының балансын зерттеу үшін 8 металлургиялық кәсіпорындарға сауалнама жіберді. Олардың ішінде, ЖШС «Қазфосфаттағы» ЖЖФЗ, ЖШС «Ақтау құю зауыты», ЖШС «Ертіс сирек-жер металдар компаниясы», ЖШС «Қазақмыс  корпорациясы» филиалы Қарағанды құю зауыты  сияқты кәсіпорындар бар. Сауалнаманың мақсаты – зауыттардың жоғары білімді мамандарға жыл сайынғы сұраныстары 100 адамды құрайды.

 


Практика