Күнтізбе белсенділігі

08 April 2021

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы және «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасымен бірлесіп әзірлеген 7М 07163 - «Минералды тұздар технологиясы және агрохимия» магистратураның жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасы

 М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті кәсіптік стандарттар мен жаңа кәсіптер атласы негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

   2021 жылдың 1 сәуірінде "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасы "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасымен бірлесіп әзірлеген "Минералды тұздар және агрохимия технологиясы" 7М07163 магистратураның жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасы талқыланды. Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша презентацияны БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейтмагзимова Г. М. және БЗХТ кафедрасының доценті Қадырбаева А. А. дайындады.