Күнтізбе белсенділігі

18 February 2020

«Жұқпалы ауырулар», «Гепатит А,В,С», «Туберкулез», «ОРВИ» және «Коронавирус» тақырыптарында өткен дәріс.

    14.02.2020ж күні сағат 1100-де А-ғимаратының 127 дәрісханасында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде №13 қалалық клиниканың терапевт дәрігері Мұсабекова Л.К.,  №13 қалалық клиниканың медбикесі Елікбаева Ш.К. және М.Әуезов атындағы ОҚМУ медбикесі Сейдалиева Ж.А. «Жұқпалы ауырулар», «Гепатит А,В,С», «Туберкулез», «ОРВИ» және «Коронавирус» тақырыптарында дәріс өткізді. Дәріске жоғары мектеп деканы т.ғ.д., профессор Анарбаев А.А., жоғары мектеп деканының орынбасары т.ғ.к., доцент Байысбай Ө.П., топ тәлімгерлері және жоғары мектеп студенттері қатысты. Дәріс барысында аталған ауырулардың пайда болуы, таралуы және сақтану жолдары түсіндіріліп соңында студенттер сұрақ қойып лектор сұрақтарға жауап берумен аяқталды.