Күнтізбе белсенділігі

14 December 2017

Жетістіктер және жүлделер

Қазақстанның оңтүстік өңірі өндіріс орындары көп шоғырланған индустриалды аймақ болып табылады. Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі экономиканың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етеді. Химия өнеркәсібінің және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын,  химиясыз ғылыми-техникалық прогрестің дамуының мүмкін емес екендігін жақcы түсінеді.

Жалпы мәліметтер

Оқу процесін жүргізу үшін кафедрада оқу-әдістемелік материалдардың техникалық базасы өте жақсы дамыған. Кафедра құрамында «Жалпы химия», «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Коллоидты химия», «Физикалық химия», «Технологиялық процестер және аппараттары», «Жалпы химиялық технология» зертханалары ұйымдастырылған. Барлық пәндер қазақ, орыс, сонымен қатар ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Кафедра тарихы

1949 жылы құрылған жалпы білім беретін «Химия» кафедрасы   мен 2010 жылдың  қыркүйек айында «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасының негізінде құрылған «Нанотехнология» кафедралары 2014 жылы шілде айында университет  құрылымын қайта ұйымдастыру барысында біріктіріліп «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның  педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.

Тәрбие жұмысы

Тарбие жумысы

2018 Жылдың 16 қарашасында сағат 11:45 «Еңбек елді рухани жанғыртады» М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ХИж/е БТЖМ «Биотехнология» кафедрасының ұйымдастыруымен 127 А ғимаратында факультет деңгейде галоконцерт өткізілді