Күнтізбе белсенділігі

12 December 2017

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

           Камилла Маханова - «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 6М060800-Экология мамандығы 2018 жылдың 1 қазанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін Польша мемлекетінің Краков аграрлық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алмастырылды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

«Экология” кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары.

“Экология” кафедрасында ҒЗЖ Б-11-04-07 «Транспорттағы және өндірістегі  жаңа экологиялық қауіпсіз технологиялар және мониторинг» тақырыбында мемлекеттік  бюджеттегі  жұмыстар жасалынуда.  Жалпы кафедрада  1-ғылым  докторы: б.ғ.д., Исаева А.У, 4- профессор,  8-ғылым кандидаттары  жұмыс істейді.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

 Кафедраның ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметі

«Экология» кафедрасында оқу процессі барлық қажетті  оқу-әдістемелік және ақпарат көздерімен қамсыздандырылған: оқулықтар,  оқу құралдары,  әдістемелік  нұсқаулар,  электронды оқулықтар, кейстер,   виртуалды зертхана жұмыстары және бейнедәрістер.

Жетістіктер және жүлделер

     Қазақстанның ғалымдары дүниежүзілік ғылыми жаңалықты жасады - олар электрохимиялық әдіспен  -  ең берік металды- титанды  ерітудің жаңа әдісін тапты. Бұл ғылыми жаңалық  - өнеркәсіп қалдықтарды өңдеуге және өте қажетті титан қосылыстарын алуға көмектеседі. Жұмыстың авторлары медальдар мен дипломдармен марапатталды. Олар профессорлар, доценттер және ғылым докторлары - Абдуали Баешов, Ажар Баешова, Ғани Ізтілеуов. Олардың жетекшісі Мұрат Жұрынов болды. Зерттеу үшін сарапшылар он жылдан астам уақыт жұмыс істеді.

Жаңалықтар

    2019 жылдың мамыр айының 20 жұлдызында  «Экология» кафедрасының  студенттер мен бітірген түлектер арасындағы «Білімді мыңды жығады білікті бірді жығады» тақырыбында  дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел кезінде жоғарғы мектеп деканы т.ғ.к., доцент Болысбек Айдар, Экология кафедрасының меңгерушісі  Шыңғысбаева Ж., ЖЭО-3 бас экологы Қалдыгозов Талғат, Сайрам Өгем ұлттық парк қызметкерлері және кафедра  доценты  Ғ.М Изтлеуов   сөз сөйледі.