Күнтізбе белсенділігі

17 November 2017

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Докторант П.А. Абдуразованы философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге арналған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және шығармашылық  табыстар тілейміз.

Ғылыми жетекшілері: т.ғ.д., профессор Сатаев М.С.

                                   т.ғ.к., доцент Кошкарбаева Ш.Т.

Шетел кеңесшісі: Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания),  доктор PhD Прокопович П.

БЗХТ кафедрасының ұжымы

«Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы»

2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Алғаш сөз кезегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д. Айменов Жамбыл Талхаұлы форумды ашып берді.

«Еңбек адамын жырлаймын»

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы (Облыстық кәсіподақ комитеті) «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді.Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, озат мұғалімдер, педагогтар әулеті, жас мұғалімдер мен студенттер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектептер директорлары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылдыМерекелік іс-шараның басталуы алдында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жиынға қатысушыларға арнап флешмоб көрсетті, қатысушылар облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық ұйымдарының қызметі жайлы дайындалған бейнефильмді тамашалады.Мерекелік іс-шарада білім саласының ардагері С.Барахова қатысушыларды «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерімен құттықтап, озат ұстаздарға ОҚО әкімінің Грамоталарын, «Алғыс хаттарын» тапсырды.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

7 қараша 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратының акт залында Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы сала мамандарының қатысуымен  студент жастар арасында кездесу өтті...