Күнтізбе белсенділігі

03 November 2017

«The Cardiovascular system» атты ашық дәріс сабағы

1 қараша сағат 14:00 де 216 «А» ғимаратында PhD, докторы аға оқытушы Айменова Ж.Е. «The Cardiovascular system»  ашық дәріс сбағын «Human and animal physiology» пәнінен ХТ-16-5р тобының студенттеріне ағылшын тілінде өткізді. Ашық дәріс сабағын өткізу барсында дәріс алушы студенттердін жоғары белсенділігі байқалды, сондайақ дәріс беруші оқытушының тарапынан интерактивті тәсілдерді қолдану көрсетілді.

«Қарттарым – асыл қазынам»

Қарашаның 1-жұлдызында ХТ-17-5к3, ХТ-17-5к4 тобының студенттері және топ тәлімгерлері Сайдуллаева Л.Н., Шоинбаева К.Б. ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шараға«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  декан орынбасары Өмірбек Пернебайұлы, «Биотехнология»кафедрасының қарт ұстазы а.ш.ғ.к., доцент Шамшадин Юсупов, «Биотехнология» кафедрасының аға тәлімгері Қатира Пазылбекқызы қатысты. Өткізілген мерекелік кеште ерекше белсенділік танытып, баршаны өнерлерімен тәнті еткен студенттер белсене ат салысып, мадақтама қағаздармен марапатталды.

«Менің отбасым- менің байлығым»

2017 ж. қазанның 31 жұлдызында № 6 жатақханада ХТ-17-5к1, ХТ-17-5к2 тобының студенттері және осы топ тәлімгерлері С.Ж.  Лесбекова,  А.А. Абубакированың  ұйымдастыруымен «Менің отбасым- менің байлығым» атты мерекелік іс шара өтті. Студенттер іс шараға белсене қатысты және мақтау қағазымен марапатталды. Іс шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Әйелдер кеңесінің хатшысы» Мамыт Алия Аралбайқызы, ХИ ж БТ ЖМ аға тәлімгері  Естауова А.А., «Биотехнология » кафедрасының аға тәлімгері Дауренбекова Қ.П., БЗХТ кафедрасының аға тәлімгері Тлеуов Т.Т. және ХИ ж БТ ЖМ басқа тәлімгері мен топ студенттері қатысты.