«Ұрпақтар арқылы жасыл көпір»
2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ алғаш рет Green Metric Ranking of World Universities беделді әлемдік рейтингіне қатысып, 458-ші орынға, ал қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде лайықты 6-орынға ие болды. Осы әлемдік рейтингке қатысу аясында университет тұрақты даму және «жасыл» экономика, ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту ұстанымдарына сүйенген кадрларды даярлау міндеттері арқылы бас қосқан қатысушылардың - жоғары оқу орындарының ерікті бірлестігі болып табылатын «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» халықаралық ғылыми-ағарту консорциумының мүшесі болды.